Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
2. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау және Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бағытталсын;
осы қаулы Ертіс ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылсын;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдансын.
3. Ертіс ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 08 қарашадағы "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 325/11 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Шәріпов |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "27" ақпан № 55/2 қаулысымен бекітілген |
"Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі– "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ) Ертіс ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.
3. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөр табаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда қаулысымен құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынана заматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Ертіс ауданы, 140500, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 99 ғимарат.
10. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде- государственное учреждение "Отдел земельных отношений Иртышского района".
12. Мемлекет Ертіс ауданының әкімдігі тұлғасында "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты, қызметтінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері
16. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мақсаты: Ертіс ауданында жер қатынастары саласында мемлекеттік саясаттын жүргізу.
17. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметінің мәні: ауданының аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруболып табылады.
18. Міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) жер заңнамасын облыстық, аудандық өкілді және атқарушы органдардың жерді қорғауды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі шешімдерін қамтамасыз ету және орындау.
19. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
1-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
1-2) өз құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу.
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің, Еңбек Кодексінің және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының нормаларын сақтау;
2-2) мемлекеттік қызметтерді тұрғындарға сапалы көрсету;
2-3)Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;
2-4) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
20. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекеттік мұқтажы үшін, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13, 16 және 18-баптарында көзделген;
6) жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) аудандардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) жер сауда-саттығын (аукциондар) және шаруа (фермерлік) шаруашылық, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс ұйымдастыру;
11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
12) ауданның жер балансын жасау;
13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жерқұқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
15) жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын және жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының Жер сәйкес ауданның Кодексіне жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
17) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес пайдаланылмай жатқан және заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
20) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
21) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық құрылысының бекітілген жобаларын халық үшін қолжетімді орындарда арнайы ақпараттық стенділерде орналастыру;
22) ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті атқарушы өкілді органына бекітуге енгізу;
23) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету және оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ауданның жергілікті өкілді органына ұсыну.
24) арнайы жер қорын құру.
3. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
21. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
22. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
23. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.
24. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңында белгіленген тәртіппен "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;
4) "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;
6) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;
7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;
8) "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қызметкелерін іс сапарға жібереді;
9) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;
10) "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлық қақарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;
12) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды.
"Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
25. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен реттеледі.
26. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарымен реттеледі.
27. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
4. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкі
28. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қосаалғанда) және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
29. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ-де бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
30. Егер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңында өзгеше көзделмесе, "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату
31. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
32. "Ертіс ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.