Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шақа ауылдық округі Шақа ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шақа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шақа ауылдық округінің Шақа ауылындағы келесі көшелері:
"Юбилейная" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;
"Клубная" көшесі "Ләззат Асанова" көшесі;
"Титова" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесі;
"Заводская" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі;
"Лесная" көшесі "Жұмабек Тәшенов" көшесі;
"Центральная" көшесі "Абай" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданы Шақа ауылдық округінің әкімі | М. Мурсалимов |