Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелері алынбай қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кемеңгер ауылдық округінің әкімі | А. Вакпаев |
Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 1-03-2 шешіміне қосымша |
Р/с № | Пайдаланушы | Ауданы, гектар | Нысаналы мақсаты | Пайдалану мерзімі (жыл) | Жер телімінің орналасқан жері |
1 | "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 1,44044 | Талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін |
2031 жылдың | Кемеңгер ауылы, Кемеңгер ауылдық округі, Павлодар ауданы |