Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 62/11 шешімі.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Бараисов

  Успен аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
30 қарашадағы
№ 62/11 шешіміне
1-қосымша

Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің аумағында көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық біріктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Ольгин ауылдық округінің аумағы учаскелерге (көшелерге) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелерден саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Ольгин ауылдық округінің әкімі көшелер шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Ольгин ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен (Ольгин ауылдық округінде орналасқан ақпараттық стендтерде хабарландырулар, Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы жарияланымдар) өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшелерден қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшелерде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ольгин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ольгин ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Ольгин ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Успен аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
30 қарашадағы
№ 62/11 шешіміне
2-қосымша

Павлодар облысы Успен ауданы Ольгин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 95/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Көше атауы

Көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қызылағаш ауылының тұрғындары үшін:

Егемен көшесі

1

Жастар көшесі

1

Гагарин көшесі

1

Ақдала және Абай көшелері

1

Береке және Жігер көшелері

1

2

Тимирязев ауылының тұрғындары үшін:

Карабуринская және Отан көшелері

1

Тимирязево және Аманжол Шәмкенов көшелері

1

Алматинская және Серпін көшелері

1

Бакинская, Бейбітшілік және Тұлпар көшелері

1

Кубанская және Школьная көшелері

1

Көктем және Целинная көшелері

1

Мерей және Казахстанская көшелері

1

3

Ольхов ауылының тұрғындары үшін:

Школьная көшесі

1

Абай көшесі

1

Целинников көшесі

1


Барлығы:

15


Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества на территории Ольгинского сельского округа Успенского района Павлодарской области

Решение Успенского районного маслихата Павлодарской области от 30 ноября 2023 года № 62/11.

      В соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества", Успенский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Ольгинского сельского округа Успенского района Павлодарской области, согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить количественный состав представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества Ольгинского сельского округа Успенского района Павлодарской области, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Успенского районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Успенского районного маслихата Ж. Бараисов

  Приложение 1
к решению Успенского
районного маслихата от
30 ноября 2023 года
№ 62/11

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Ольгинского сельского округа Успенского района Павлодарской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Ольгинского сельского округа Успенского района Павлодарской области (далее - Правила) разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 июня 2023 года № 122 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улиц на территории Ольгинского сельского округа Успенского района Павлодарской области.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

      2) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория Ольгинского сельского округа подразделяется на участки (улицы).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек от улиц.

      5. Акимом Ольгинского сельского округа созывается и организуется проведение раздельного схода местного сообщества в пределах улиц.

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом Ольгинского сельского округа не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами (объявления на информационных стендах, расположенных в Ольгинском сельском округе, публикации через социальные сети Instagram, WhatsApp).

      7. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующих улиц.

      Не имеют права участвовать на собрании местного сообщества несовершеннолетние лица, лица, признанные судом недееспособными, а также лица, содержащиеся в местах лишения свободы по приговору суда.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих на данных улицах.

      8. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом Ольгинского сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким Ольгинского сельского округа или уполномоченное им лицо.

      На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      9. Кандидатуры представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с количественным составом, установленным пунктом 4 настоящих Правил.

      10. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      Председатель раздельного схода пользуется правом решающего голоса в случае, если при голосовании на раздельном сходе местного сообщества голоса участников разделяются поровну.

      11. Протокол раздельного схода местного сообщества подписывается председателем и секретарем и в течение двух рабочих дней со дня проведения раздельного схода передается секретарем схода в аппарат акима Ольгинского сельского округа для регистрации.

      На сходе местного сообщества или собрании местного сообщества ведется протокол, в котором указываются:

      1) дата и место проведения схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      2) общее число членов местного сообщества, проживающих на соответствующей территории и имеющих право участвовать в сходе местного сообщества или на собрании местного сообщества;

      3) количество и список присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря схода местного сообщества или собрания местного сообщества;

      5) повестка дня, содержание выступлений и принятые решения.

  Приложение 2
к решению Успенского
районного маслихата от
30 ноября 2023 года
№ 62/11

Количественный состав представителей жителей улиц для участия в сходе местного сообщества Ольгинского сельского округа Успенского района Павлодарской области

      Сноска. Приложение 2 - в редакции решения Успенского районного маслихата Павлодарской области от 11.11.2024 № 95/17 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование улицы

Количество представителей жителей улицы (человек)

1

Для жителей села Қызылағаш:

улицы Егемен

1

улицы Жастар

1

улицы Гагарина

1

улиц Ақдала и Абая

1

улиц Береке и Жігер

1

2

Для жителей села Тимирязево:

улиц Карабуринская и Отан

1

улиц Тимирязево и Аманжол Шәмкенова

1

улиц Алматинская и Серпін

1

улиц Бакинская, Бейбітшілік и Тұлпар

1

улиц Кубанская и Школьная

1

улиц Көктем и Целинная

1

улиц Мерей и Казахстанская

1

3

Для жителей села Ольховка:

улицы Школьная

1

улицы Абая

1

улицы Целинников

1


Всего:

15