Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 79/1 "Шарбақты ауданының жергілікті атқарушы органдарының Ережелерін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілеген қаулыға 7 - қосымшасында бүкіл мәтін бойынша:
"мүгедектерге", "мүгедектерін" сөздері "мүгедектігі бар адамдарға", "мүгедектігі бар адамдар" сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1 - қосымшаның 15 - тармағының 30) тармақшасы алып тасталсын.
көрсетілген қаулыға 1 қосымшаның 15 тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
"32) әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шарбақты ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші абзацын қоспағанда, оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Абеуов |