2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 227 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-5) тармақшасына және 62-бабының 6-3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 28 қарашадағы
  № 227 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған бюджет қаражатының көлемдері шегінде мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Білім алушылар және (немесе) тәрбиеленушілер саны

Бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (1 сағат, теңге)

1.

10

3842


Об утверждении государственного образовательного заказа на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2023 год в пределах объемов бюджетных средств

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 28 ноября 2023 года № 227

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8-5) пункта 2 статьи 6 и пунктом 6-3 статьи 62 Закона Республики Казахстан "Об образовании" акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить государственный образовательный заказ на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2023 год в пределах объемов бюджетных средств согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление образования акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение пяти календарных дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Северо-Казахстанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Северо-Казахстанской области Г. Нурмухамбетов

  Приложение
  к постановлению акимата
  Северо-Казахстанской области
  от 28 ноября 2023 года № 227

Государственный образовательный заказ на специальную психолого-педагогическую поддержку детей с ограниченными возможностями на 2023 год в пределах объемов бюджетных средств

Количество обучающихся и (или) воспитанников

Средняя стоимость расходов на одного обучающегося и (или) воспитанника (1 час, тенге)

1.

10

3842