Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 15 шешімі. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 24.10.2024 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 2-тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2023 жылғы 08 мамырдағы № 6 хаттамасы негізінде Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 08 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Р. Аңбаев

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба в городе Петропавловск

Решение акима города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 10 мая 2023 года № 15. Утратило силу решением акима города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 24 октября 2024 года № 33

      Сноска. Утратило силу решением акима города Петропавловска Северо-Казахстанской области от 24.10.2024 № 33 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 33 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола внеочередного заседания Комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций при акимате Северо-Казахстанской области от 08 мая 2023 года № 6 аким города Петропавловска РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию техногенного характера местного масштаба на территории города Петропавловска Северо-Казахстанской области.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 08 мая 2023 года.

      Р. Анбаев