"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы "Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта тіркеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 9-8 шешімі 2-тармағының күші жойылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
ережені әділет органында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын;
осы шешімнен туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдансын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы | ________ Е. Жәкенов |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы мәслихатының | |
2023 жылғы 20 сәуірдегі | |
№ 2-5 шешіміне | |
қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Аққайың ауданы мәслихатының қызметін және аудандық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мәслихат аппараты, егер оған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, 9 Май көшесі, 67.
Жұмыс тәртібі: Мәслихат аппаратына бес күндік жұмыс аптасы орнатылады, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан, күніне -8 сағаттан аспайды (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) аудандық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;
2) аудандық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
3) аудандық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
4) тұрғындарды аудандық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
14. Құқықтары:
1) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
3) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;
4) аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
15. Міндеттері:
1) ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;
3) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұстану;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
16. Функциялары:
1) аудандық мәслихаты бекіткен мәслихаттың жұмыс жоспары негізінде, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттық топтар мен депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудан мәслихатының сессиясын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
2) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, жұмыс сапарларының жария тыңдауларын дайындауды жүзеге асыру, қаралатын мәселелердің мәні бойынша материалдарды талдау, жинақтау және тұрақты комиссиялардың мүшелеріне уақтылы ұсыну;
3) аудандық мәслихат шешімдерінің, мәслихаттың тұрақты комиссиялары қаулыларының және аудандық мәслихат төрағасының өкімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
4) аудандық мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу және оларға заң сараптамасын жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жіберу;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аудан мәслихаты қабылдаған нормативтік құқықтық актілердегі құқықтың қайталануын, олқылықтарын, ескірген және сыбайлас жемқорлық нормаларын талдау, іске асыру және анықтау мақсатында Құқықтық мониторингті жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен аудан мәслихатының шешімдерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
7) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, аудандық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қорытындысы бойынша анықтамалар дайындау;
8) аудандық мәслихаттың сессиялары мен отырыстарында айтылған сессиялар шешімдерінің, тұрақты комиссиялар қаулыларының, ескертулер мен ұсыныстардың орындалуын талдау және бақылау, аудандық мәслихат сессиясында және тұрақты комиссиялар отырыстарында қарау үшін оларды іске асыру барысы туралы ақпарат дайындау;
9) аудандық мәслихат сессияларының және оның органдарының басқа да отырыстарының хаттамалары мен материалдарын қалыптастыру;
10) аудандық мәслихат депутаттарының жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан мәслихатының ресми веб-сайтында аудан мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпаратты орналастыру;
11) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттардың сауалдарын, ұсыныстары мен ескертулерін уақтылы қарауды және іске асыруды бақылауды жүзеге асыру;
12) аудандық мәслихатының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындау, депутаттардың біліктілігін арттырудан өту, іссапар шығыстарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
13) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкіметінің оны іске асыруға қабылданған қаулыларының, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес кадр жұмысын жүргізу;
14) Іс жүргізуді, сондай-ақ арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, мұрағатқа беру үшін, оның ішінде мәслихат аппаратының ақпараттық жүйелері арқылы құжаттарды уақтылы тіркеу, сақтау және дайындау;
15) аудандық мәслихат аппаратына және аудандық мәслихатқа түсетін азаматтар мен заңды тұлғалардың аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауынан жазбаша, электрондық өтініштерді қарау, оларды бақылау және талдау.
3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
17. Мәслихат аппаратын басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының төрағасы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
18. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының төрағасын депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайлайды және мәслихат сессияда қызметінен босатады.
19. Мәслихат төрағасының орынбасарлары болмайды.
20. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
6) Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа үнемі ақпарат беріп отырады;
8) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады;
9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілеттік етеді;
13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
Аудан мәслихатының төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
21. Аудан мәслихатының төрағасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне сәйкес аудандық мәслихат аппараты басшысының өкілеттігін айқындайды.
22. Аудандық мәслихат аппаратының алқалы органдары жоқ.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Мәслихат аппаратының мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. Мәслихат аппараты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәслихат аппаратының оның қарауындағы ұйымдары жоқ.
Мәслихат аппаратының оның қарауындағы аумақтық органдары жоқ.
Мәслихат аппаратының оның қарауындағы мемлекеттік мекемелері жоқ.