"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 18-1-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тарату комиссиясы құрылсын.
3. Тарату комиссиясы, "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі", "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген мерзімдерде және тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққайың ауданы әкімінің м.а. | Н. Тельтаев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Аққайың ауданы әкімдігінің | |
2023 жылғы 01 маусымдағы | |
№ 119 қаулысына | |
қосымша |
"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін тарату жөніндегі комиссияның құрамы
Остертак | -Аққайың ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы | |
| ||
Галыгина | -экономика және қаржы бөлімінің басшысы | |
Жүсіпов | -аудан әкімінің кеңесшісі | |
Садықов | -жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы | |
Павлик | -жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы |