Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 28-2 "2023 жылы Ақжар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау және көтерме жәрдемақы беру туралы" мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы", Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 85702 болып тіркелген), 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 183404 болып тіркелді), бұйрықтарына сәйкес Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:"
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар аудандық мәслихат төрағасы | М.Жүсіпбеков |