"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 7-8 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының төрағасы | С.Баумағанбетов |