Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 26/299 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Волошинка ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 32 395 мың теңге:
салықтық түсімдер - 6 719 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 25 676 мың теңге;
2) шығындар - 32 675,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді - 0 мың теңге;
4) қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 280,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 280,7 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 280,7 мың теңге.";
келесі мазмұндағы 1-1 -тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Волошинка ауылдық округінің бюджетінде 2023 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен республикалық бюджеттен 0,1 мың теңге, облыстық бюджеттен 0,1 мың теңге сомасында бөлінген нысаналы трансферттерді қайтару 4-қосымшаға сәйкес көзделсін.";
келесі мазмұндағы 1-2 -тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Волошинка ауылдық округінің бюджетінде 4-қосымшаға сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан бос қалдықтар есебінен 280,5 мың теңге сомасында шығыстар көзделсін.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджетінде аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі көзделсін, соның ішінде:
еңбекақы төлеу қорына;
елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға;
2021 жылғы мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша бонустар төлеуге;
Ивано-Петровка ауылындағы ауылішілік жолдарды ұстауға.
Аталған нысаналы трансферттерді аудандық бюджеттен бөлу "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Волошинка ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы" Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округі әкімінің шешімімен айқындалады.";
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының төрағасы |
Е. Тұтқышев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
1) Кірістер | 32 395 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 6 719 | ||
01 | Табыс салығы | 1 224 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 1 224 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 5 410 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 220 | ||
3 | Жер салығы | 640 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 4 550 | ||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар | 85 | ||
3 | Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер | 85 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 25 676 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 25 676 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 25 676 | ||
Функцио-налдық топ | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдар-лама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
2) Шығындар | 32 675,7 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 24 345 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 24 345 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 24 345 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 1 330,5 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 330,5 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 1 330,5 | ||
12 | Көлік және коммуникация | 7 000 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 7 000 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 7 000 | ||
15 | Трансферттер | 0,2 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 0,2 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 0,2 | ||
3) Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5) Бюджет тапшылығы (профициті) | - 280,7 | |||
6) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 280,7 | |||
Қарыздар түсімдері | 0 | |||
Қарыздарды өтеу | 0 | |||
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 0 | |||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 280,7 | ||
01 | Бюджет қаражатының қалдықтары | 280,7 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 280,7 |
Қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарын бағыттау, жоғары тұрған бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған мақсатты трансферттерді қайтару
Функцио-налдық топ | Бюджеттік бағдарла-малардың әкімшісі | Бағдар-лама | Атауы | Сомасы (мың теңге) |
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 280,5 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 280,5 | ||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 280,5 | ||
15 | Трансферттер | 0,2 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округі әкімінің аппараты | 0,2 | ||
048 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) мақсатты трансферттерді қайтару | 0,2 | ||
Барлығы: | 280,7 |