Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 28/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4750 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарғыда көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінің 4-тармағында:
тоғызыншы абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;";
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы |
Ж. Кәрімова |