"Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 сәуірде № 8-2 с шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта тіркеу туралы" Уәлиханов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 4-14 с шешімі 2-тармағының күші жойылсын.

      3. Жоғарыда аталған Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы М.Абдулов

  Уәлиханов аудандық мәслихатының
  2023 жылғы 4 сәуірдегі
  № 8-2 с шешімімен бекітілді

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Уәлиханов аудандық мәслихатының (бұдан әрі – аудандық мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Уәлиханов аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151200, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 85.

      10. Жұмыс тәртібі: "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне – 8 сағат (сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).

      11. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2 тарау. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      14. Міндеттері:

      1) аудандық мәслихаттың және депутаттардың қызметін сессиялар, тұрақты комиссиялар және оның басқа органдары арқылы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз ету;

      2) депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына көмек көрсету;

      3) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік функцияларды іске асыруды нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, аудандық мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу;

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді және сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының сұрақтары бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

      депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақытында қарау және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге сауалдар, ұсыныстар, шағымдар жолдау;

      аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін сұрақтарды дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      аудандық мәслихатқа келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде Уәлиханов аудандық мәслихаты Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

      ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

      аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға және лауазымды тұлғаларға кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      аудан мәслихатының құзыреті шегінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету.

      16. Функциялары:

      1) аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес аудандық мәслихаттың сессияларын және тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізуге дайындық және ұйымдастырушылық-техникалық жұмыстарды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      2) депутаттарды сессиялар мен тұрақты комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелерге байланысты шешім жобаларымен және тиісті құжаттармен қамтамасыз етеді;

      3) тұрақты комиссиялардың ұсыныстарының негізінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарларының жобаларын және оның атқарған жұмыстары жөніндегі есептерін дайындайды;

      4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін түсініктемелік және әдістемелік көмек көрсетеді, олардың сауалдары мен ұсыныстарының, сын-пікірлерінің уақытылы қаралуын және орындалуын бақылайды;

      5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында енгізген ұсыныстары мен ескертпелерін есепке алады, талдау жасайды және оларды жүзеге асыруға арналған ic-шаралардың орындалуын қадағалайды;

      6) сессияларда қаралатын мәселелердің тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға шешімдер жобалары мен қорытындыларының сапалы дайындалуын қамтамасыз етуге көмек көрсетеді;

      7) аудандық мәслихаттың актілерін әзірлеуге қатысады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жолдайды;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайлар мен тәртіппен аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын қамтамасыз етеді;

      9) аудандық мәслихаттың депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарында, аудан мәслихатының ресми веб-сайтында аудандық мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметі туралы ақпарат орналастыру;

      10) аудандық мәслихат қызметін қамтамасыз ету шығындарын анықтау, депутаттардың біліктілігін арттырудан өтуі, іссапарлық шығындарын өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

      11) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және Үкімет қаулыларына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кадр жұмыстарын жүргізу;

      12) іс-қағаздарды жүргізуді, сондай-ақ арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу, архивке тапсыру үшін, соның ішінде Мәслихат аппаратының ақпараттық жүйелері арқылы құжаттарды уақытында тіркеу, сақтау және әзірлеу;

      13) Мәслихат аппаратына және аудандық мәслихатқа азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен жазбаша, электрондық өтініштерін, аудандық мәслихат төрағасының жеке қабылдауындағы сұрақтарды қарау, бақылау және талдау;

      14) "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

3 тарау. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Мәслихат аппаратына жалпы басшылықты аудандық мәслихаттың төрағасы жүзеге асырады, ол бірінші басшы болып табылады және Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты.

      18. Аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

      19. Аудандық мәслихат төрағасының орынбасарлары болмайды.

      20. Аудандық мәслихат төрағасының өкілеттіктері:

      1) аудандық мәслихаттың сессиясын және оның қарауына енгізілетін сұрақтарды әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді, шешімдерге және мәслихат сессиясында бекітілген басқа құжаттарға қол қояды;

      2) аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

      4) аудандық мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

      5) депутаттық сауалдар мен өтініштердің қаралуын бақылайды;

      6) Мәслихат аппаратының қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы аудандық мәслихатқа жүйелі түрде ақпарат беріп отырады;

      8) аудандық мәслихаттың басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттесуін ұйымдастырады;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселеге бастамашылық еткен аудандық мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      11) аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтарының қызметін үйлестіреді;

      12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда аудандық мәслихаттың атынан өкілдік етеді;

      13) аудандық мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі шараларды белгілейді;

      14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде Мәслихат аппаратының қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады немесе алып тастайды;

      15) Мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты.

      Аудандық мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе депутаты уақытша жүзеге асырады.

      21. Аудандық мәслихат төрағасы аппарат басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      22. Заңнамамен белгіленген тәртіпте, мәслихат төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын, аппарат басшысы мәслихат аппаратына басшылық етеді.

      23. Аппарат басшысы:

      1) аппараттың қызметінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнаманың сақталуын, сессиялардың жалпы отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, аппараттың қызметшiлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы мәслихат төрағасына ұсыныс енгізеді;

      3) мәслихат аппаратының қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асырады, олардың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

      4) мемлекеттік қызметшілердің жалпы еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға басшылық жасауды, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды, құжат айналымын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырады;

      5) аппарат қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмектер көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктіліктерін көтеру және сыйақы беру мәселелері бойынша мәслихат төрағасымен келіседі және ұсыныстар жасайды;

      6) шешімдердің, өкімдердің жобаларын, сондай-ақ мәслихат төрағасының атына түскен құжаттар мен материалдарды мәслихат төрағасына қол қоюға және қарауға ұсынады;

      7) қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) мәслихат аппаратының әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

      24. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздеріне жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады.

      25. Мәслихат аппаратының алқалы органдары болмайды.

4 тарау. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. Мәслихат аппаратында Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      27. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      28. Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі қарастырылмаса, өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. "Уәлиханов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Мәслихат аппаратының қарамағында ұйымдар болмайды. Мәслихат аппаратының қарамағында аумақтық органдар болмайды.

      Мәслихат аппаратының қарамағында мемлекеттік мекемелер болмайды.

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Аппарат Уалихановского районного маслихата"

Решение Уалихановского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 4 апреля 2023 года № 8-2 с

      В соответствии с подпунктом 7) пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 79 Типового регламента маслихата, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан "Об утверждении Типового регламента маслихата" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" Уалихановский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение коммунального государственного учреждения "Аппарат Уалихановского районного маслихата" (далее – Положение).

      2. Отменить пункт 2 решения Уалихановского районного маслихата от 2 апреля 2017 года № 4-14 с "О перерегистрации государственного учреждения "Аппарат Уалихановского районного маслихата";

      3. Произвести регистрацию вышеуказанного Положения в установленном законодательством порядке.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня подписания.

      Председатель Уалихановского районного маслихата М.Абдулов

  Утвержден решением
  Уалихановского районного маслихата
  от 4 апреля 2023 года № 8-2 с

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат Уалихановского районного маслихата" (далее – Аппарат маслихата) является государственным органом Республики Казахстан, обеспечивающим деятельность Уалихановского районного маслихата (далее – районный маслихат), его органов и депутатов.

      2. Аппарат маслихата не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме коммунального государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые распоряжениями председателя Уалихановского районного маслихата.

      8. Структура и лимит штатной численности Аппарата маслихата утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: индекс 151200, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, Уалихановский район, село Кишкенеколь, улица Уалиханова,85.

      10. Режим работы: Аппарату маслихата устанавливается пятидневная рабочая неделя, продолжительность рабочего времени не превышает 40 часов в неделю, в день – 8 часов (с 9.00 часов до 18.30 часов, перерыв с 13.00 часов до 14.30 часов).

      11. Настоящее Положение является учредительным документом Аппарата маслихата.

      12. Финансирование деятельности Аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 13. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Аппарата маслихата.

Глава 2. Задачи и полномочия коммунального государственного учреждения "Аппарат Уалихановского районного маслихата"

      14. Задачи:

      1) обеспечение деятельности районного маслихата на сессиях, через постоянные комиссии и иные органы и депутатов в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      2) оказание помощи депутатам в осуществлении их полномочий;

      3) обеспечение принятия на сессиях районного маслихата нормативных правовых актов, предусматривающих сокращение местных бюджетов доходов или увеличение местных бюджетных расходов и нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан;

      4) нормативное правовое обеспечение реализации государственных функций, регистрация и ведение анализа исполнения нормативных правовых актов, принимаемых районным маслихатом.

      15. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц, иных организаций информацию, справки, отчеты, проекты решений, сведения о публикации в средствах массовой информации проектов нормативных правовых актов, заключения экспертных советов, необходимые согласования по вынесенным проектам решений районного маслихата и иную документацию по вопросам повестки дня сессий и заседаний постоянных (временных) комиссий;

      направлять запросы, предложения, жалобы в государственные органы и учреждения в целях обеспечения своевременности рассмотрения и реализации депутатских запросов и предложений;

      привлекать работников государственных органов и иных организаций для участия в подготовке вопросов, вносимых на рассмотрение районного маслихата и его постоянных комиссий, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих решений;

      осуществлять контроль за исполнением принятых решений, а также требований законодательства Республики Казахстан;

      осуществлять контроль за сроками и результатом рассмотрения исполнения обращений юридических и физических лиц, поступивших в районный маслихат;

      2) обязанности:

      обеспечивать соблюдение Регламента Уалихановского районного маслихата в пределах своей компетенции;

      не допускать принятия решений, не соответствующих основным направлениям внутренней и внешней политики;

      оказывать консультативно–методическую, информационную, организационно–техническую и иную помощь государственным органам и должностным лицам по вопросам, входящим в компетенцию районного маслихата;

      обеспечивать соблюдение прав и законных интересов граждан в пределах компетенции районного маслихата.

      16. Функции:

      1) в соответствии с Регламентом районного маслихата обеспечивает подготовительную и организационно-техническую работу проведения сессий, заседаний постоянных комиссий районного маслихата;

      2) обеспечивает депутатов проектами решений и другими материалами по вопросам, вносимым на рассмотрение сессий, постоянных комиссий;

      3) составляет на основании предложений постоянных комиссий планы работы районного маслихата, готовит отчеты о его деятельности;

      4) содействует депутатам районного маслихата в осуществлении их полномочий, оказывает консультативную и методическую помощь, контролирует своевременность рассмотрения и реализации запросов, предложений и замечаний депутатов;

      5) ведет учет и обобщение предложений и замечаний, внесенных депутатами при осуществлении ими своих полномочий, составляет и контролирует выполнение мероприятий по их реализации;

      6) организует предварительное обсуждение рассматриваемых на сессиях вопросов на заседаниях постоянных комиссий, оказывает помощь депутатам в вопросах качественной подготовки проектов решений и заключений;

      7) участвует в разработке актов районного маслихата, а также направляет их на государственную регистрацию в органы юстиции в случаях, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан;

      8) в случаях и порядке, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, обеспечивает публикацию решений районного маслихата в средствах массовой информации;

      9) обеспечение открытости и публичности работы депутатов районного маслихата, размещение в средствах массовой информации, на официальном веб-сайте районного маслихата информации о деятельности районного маслихата, его органов и депутатов;

      10) определение расходов на обеспечение деятельности районного маслихата, прохождение повышения квалификации депутатов, возмещение командировочных расходов, обеспечение депутатов необходимыми канцелярскими принадлежностями и иными товарами для осуществления депутатской деятельности;

      11) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "О государственной службе в Республике Казахстан", Указов Президента и постановлений Правительства Республики Казахстан, Трудового кодекса Республики Казахстан;

      12) организация и ведение делопроизводства, а также специальной связи, своевременная регистрация, хранение и подготовка документов для передачи в архив, в том числе через информационные системы Аппарата маслихата;

      13) рассмотрение письменных, электронных обращений, обращений с личного приема председателя районного маслихата от граждан и юридических лиц, поступающих в Аппарат маслихата и районный маслихат, их контроль и анализ;

      14) осуществление организационного обеспечения деятельности Общественного совета в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об общественных советах".

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя коммунального государственного учреждения "Аппарат Уалихановского районного маслихата"

      17. Общее руководство Аппаратом маслихата осуществляется председателем районного маслихата, который является первым руководителем и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Аппарат маслихата задач и осуществление им своих функций.

      18. Председатель районного маслихата избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии.

      19. Председатель районного маслихата не имеет заместителей.

      20. Полномочия председателя районного маслихата:

      1) организует подготовку сессии районного маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии районного маслихата;

      3) ведет заседания сессии районного маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам районного маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов;

      5) контролирует рассмотрение депутатских запросов и обращений;

      6) назначает на должность и освобождает от должности служащих Аппарата маслихата;

      7) регулярно представляет в районный маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие районного маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов районного маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии со статьей 24 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан";

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов районного маслихата, и депутатских групп;

      12) представляет районный маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений районного маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) в соответствии с действующим законодательством и в пределах своей компетенции поощряет, налагает либо снимает дисциплинарные взыскания на сотрудников Аппарата маслихата;

      15) принимает меры, направленные на противодействие коррупции в Аппарате маслихата и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер.

      При отсутствии председателя районного маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий или депутатом районного маслихата.

      21. Председатель районного маслихата определяет полномочия руководителя аппарата в соответствии с действующим законодательством.

      22. Аппарат маслихата возглавляется руководителем аппарата, назначаемым и освобождаемым от должности председателем районного маслихата, в установленном законодательством порядке.

      23. Руководитель аппарата:

      1) обеспечивает подготовку и проведения заседаний сессий, соблюдение законодательства о местном государственном управлении и самоуправлении в деятельности аппарата;

      2) вносит предложения председателю районного маслихата о назначении на должность и освобождении от должности служащих аппарата, в порядке установленном законодательством Республики Казахстан;

      3) осуществляет руководство работниками аппарата маслихата, организует, координирует и контролирует их работу;

      4) осуществляет руководство комиссией по установлению общего стажа государственных служащих, контролирует соблюдение исполнительской и трудовой дисциплины, работу по организации документооборота;

      5) согласовывает и представляет председателю районного маслихата предложения по вопросам командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации и премирования работников аппарата;

      6) предоставляет на подпись и рассмотрение председателю районного маслихата проекты решений, распоряжений, а также, адресуемые председателю районного маслихата, документы и материалы;

      7) подписывает служебную документацию;

      8) осуществляет контроль за административно-хозяйственной деятельностью аппарата маслихата;

      24. Руководитель аппарата маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан несет ответственность за выполнение возложенных на него обязанностей.

      25. Аппарат маслихата не имеет коллегиальных органов.

Глава 4. Имущество коммунального государственного учреждения "Аппарат Уалихановского районного маслихата"

      26. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан. Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      27. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата относится к коммунальной собственности.

      28. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение коммунального государственного учреждения "Аппарат Уалихановского районного маслихата"

      29. Реорганизация и упразднение Аппарата маслихата осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Аппарат маслихата не имеет организации, находящиеся в его в ведении. Аппарат маслихата не имеет территориальные органы, находящиеся в его в ведении.

      Аппарат маслихата не имеет государственные учреждения, находящиеся в его в ведении.