Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 204 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасын құру және оның Ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Басқарманың келесі құрылымы бекітілсін:

      1) басшы;

      2) бас маман-есепші;

      3) жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімі;

      4) азаматтық қорғау бөлімі.";

      қосымшада:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. "Атырау облысы Жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау және аумақтық қорғаныссалаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";

      12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "12. Міндеттері:

      жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, азаматтық қорғау,аумақтық қорғаныс, мемлекеттік шекара және азаматтарды әскери қызметке шақыру мәселелері бойыншақызметін үйлестіру.";

      14-тармақтың 2) және 25) тармақшалары алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауАтырау облысы әкімінің жетекшілік ететінорынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 28 апреля 2017 года № 70 "О создании Управления по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области и утверждении его Положения"

Постановление акимата Атырауской области от 17 октября 2023 года № 204

      Акимат Атырауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Атырауской области от 28 апреля 2017 года № 70 "О создании Управления по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области и утверждения его Положения" следующие изменения:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Утвердить следующую структуру Управления:

      1) руководитель;

      2) главный специалист-бухгалтер;

      3) отдел мобилизационной подготовки и территориальной обороны;

      4) отдел гражданской защиты.";

      в приложении:

      в Положении о государственном учреждении "Управление по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области", утвержденном указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственное учреждение "Управление по мобилизационной подготовке и гражданской защите Атырауской области" (далее -Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере мобилизационной подготовки и мобилизации, гражданской защите и территориальной обороне.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Задачи:

      координация деятельности по мобилизационной подготовке и мобилизации, гражданской защите, территориальной обороне, государственной границы и призыву граждан на воинскую службу.";

      подпункты 2) и 25) пункта 14 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Атырауской области.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня его подписания и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области С. Шапкенов