"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Атырау облысының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерге тамақтану құнының 100 % мөлшерінде тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |