"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері" қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1-1-тармақта:
7) тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7) халықты жұмыспен қамту және көші-қон бөлімі;";
8) тармақша алып тасталсын;
2) 2-тармақ алып тасталсын.
3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы "11" желтоқсандағы № 263 қаулысына 1-қосымша |
|
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы |
|
"11" желтоқсандағы № 263 қаулысымен бекітілген |
"Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060005, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 31а.
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12. Мақсаттары:
1) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;
2) жұмыспенқамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті құқықтық актілерді қабылдау;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындан және басқалардан ақпаратты, құжаттарды сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен арыздар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14. Функциялары:
1) облыстағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау және уәкілетті мемлекеттік органға хабарлау;
2) өңірлік жұмыспен қамту карталарын бекітуді ұйымдастыру және іске асыру;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
4) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеу;
5) кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы жұмыс орындарын құруды қолдау;
6) жұмыссыздарға, жұмыс іздеуші адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу;
7) мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілеуді ұйымдастыру;
8) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекітуді ұйымдастыру;
9) ұлттық жобалар, облыстың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
10) жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына арналған елді мекендердің тізбесін бекітуді ұйымдастыру;
11) еңбек мобильділігі орталығының басшысын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
12) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
13) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құруды қамтамасыз ету және олардың қызметі;
14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуыды қамтамасыз ету;
15) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне талдау жүргізу;
16) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілігіне статистикалық талдау, болжау жүргізуді қамтамасыз ету;
17) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
18) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемінің тізбесін және оларды ұсыну тәртібін әзірлеу және облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну;
20) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
21) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды құруды қамтамасыз ету;
22) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну;
23) мүгедектігі бар адамдарды оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдарды құруға ықпал ету;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды) ұйымдастыру;
25) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі мамандарды, оның ішінде ымдау тілі мамандарын, Брайльдің бедерлі-нүктелік қарпімен оқу және жазу жөніндегі мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
26) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
27) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
28) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер мәлімдеген олардың сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін мониторингтеу;
29) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени, ағарту және өзге де іс-шараларын ұйымдастыру;
30) мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру;
31) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің қызметін қамтамасыз ету;
32) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
33) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету;
34) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету;
35) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету;
36) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асыру;
37) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдау;
38) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдау;
39) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдау;
40) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау;
41) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдау;
42) Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құруды қамтамасыз етужәне оның қызметін ұйымдастыру;
43) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету;
44) "Ата жолы" картасын беру туралы шешім қабылдау;
45) қандас куәлігін беру;
46) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құруды қамтамасыз ету және олардың қызметін ұйымдастыру;
47) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды беру немесе ұзарту, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұру және кері қайтарып алу;
48) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама беру;
49) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарау және куәландыру;
50) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
51) пана іздеген адамның куәлігін беру;
52) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру;
53) босқын куәлігін беру;
54) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімдерін қалыптастыру және ай сайын уәкілетті органға, ұлттық қауіпсіздік органдарына және ішкі істер органдарына жіберу;
55) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия құруды қамтамасыз ету;
56) пана іздеген адамдар мен босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
57) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиістішаралардықабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Заңнамаға сәйкес Басқарма қарасты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Басқарманың мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. "№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. "№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. "№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. "№ 4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. "Облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы" мемлекеттік мекемесі.
6. "Атырау облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы "11" желтоқсандағы № 263 қаулысына 2-қосымша |
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 тамыздағы № 307 "Облыс әкімиятының 2008 жылғы14 сәуірдегі № 104 "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.
2. Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 76 "Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы.
3. Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 159 "Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.
4. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 32 "Атырау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 104 "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәселелері" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы.