"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 14 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Ақсай-2 ауылында:
№ 25 көшеге – Өтеғали Кереев көшесі.
2) Ақжар-2 ауылында:
№ 8 көшеге –Дәрмен Оразов көшесі.
3) "Жұлдыз -3" шағын ауданында:
№ 1 көшеге – Файзолла Ғалымжанұлы көшесі;
№ 2 көшеге - Әмір Беркінов көшесі;
№ 16 көшеге – Иман Көшеков көшесі;
№ 18 көшеге – Сұлтан Рсалиев көшесі.
4) "Көктем" шағын ауданында:
№ 11 көшеге – Қабдол Ахметов көшесі.
2. Қайыршақты ауылдық округі Томарлы ауылының Мәскеу көшесі Фазым Райсов көшесі болып қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қайыршақты ауылдық округінің әкімі |
Ш. Қалиев |