"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде, Кеңөзек ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің Өрлеу шағын ауданының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 1 өткелге – Самұрық көшесі;
2) № 2 өткелге – Қанағат көшесі;
3) № 12 көшеге – Есенбай Әзбергенов көшесі.
2. Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округінің Қайнар шағын ауданының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 13 көшеге – Берке хан көшесі;
2) № 16 көшеге – Қазыбек би көшесі;
3) № 22 көшеге – Қажымұхан көшесі;
4) № 24 көшеге – Бораш Боқыбаев көшесі;
5) № 26 көшеге – Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі;
6) № 32 көшеге – Әжіғали Өтеғалиев көшесі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеңөзек ауылдық округі әкімі | Е. Өтешқалиев |