"Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 3-6 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8, 25 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 3-11 "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" және 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 30-3 "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жылыой аудандық мәслихат аппаратының басшысы Н.Бектембаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев

  Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы
19 мамырдағы № 3-6 шешіміне қосымша
  Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы
19 мамырдағы № 3-6 шешімімен бекітілген

"Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - "мәслихат аппараты") тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат төрағасының өкімдерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудандық мәслихаттың сессиясында бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, ғимарат 26/1, пошталық индекс: 060100.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы:

      1) мемлекеттік тілде - "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      2) орыс тілінде – государственное учреждение "Аппарат маслихата Жылыойского района".

      11. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      13. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары: Жылыой аудандық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      1. Құқықтары:

      1) уақтылы өз бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету;

      2) өзіне берілген мемлекеттік меншікті тиімді басқару;

      3) мәслихат аппаратын ұстауға бөлінген бюджеттік қаражатты басқару, координациялау және бақылауды тиімді жүргізу;

      4) мәслихат аппаратының негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты жеке және заңды тұлғалармен шарттар, келісімдер жасау;

      5) тиісті органдарға қаржылық, салықтық, статистикалық есептерді ұсыну;

      6) өкілді органның қызметін қамтамасыз етуге байланысты аппараттың құзыретін жүзеге асыру.

      2. Міндеттері:

      1) мәслихаттың аудан әкімдігімен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және өзін-өзі басқару органдарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимылын жүзеге асырады;

      2) өз жұмысын мәслихаттың, оның тұрақты және басқа да комиссияларының жұмыс жоспарына сәйкес жасалған ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлары негізінде жүргізеді;

      3) мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтарды қабылдауды, есептерді және сайлаушылармен кездесулерді ұйымдастыруға құқықтық тәжірибелік көмек көрсетеді, оларды қажетті анықтама материалдарымен қамтамасыз етеді, мәслихатқа түскен ақпараттарды талдайды;

      4) мәслихат сессияларында депутаттар айтқан ұсыныстар мен сын-ескертпелердің орындалуы бойынша іс шаралар жасауды ұйымдастырады, тұрақты комиссиялармен бірлесе отырып, олардың орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады;

      5) әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша материалдар әзірлеуге қатысады, барлық деңгейдегі мәслихаттардың озық тәжірибесін жинақтап және оны жүзеге асырады;

      6) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді, мәслихат аппаратында құжаттармен жұмыстың түрлері мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды, олардың уақытында орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      7) баяндамалардың, шешімдердің, анықтамалардың және мәслихат қызметі бойынша басқа да құжаттардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады, мәслихат қабылдаған құқықтық актілердің түпнұсқаларын дайындауды, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессияларының хаттамаларын жүргізеді, талапқа сай әзірлейді;

      8) мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуге ұсынады және оларға құқықтық мониторинг жүргізеді;

      9) белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға, мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының шешімдерін жеткізеді;

      10) азаматтардың хаттарын, арыздары мен шағымдарын есепке алуды, тіркеуді жүргізеді, олардың уақытылы қаралуын ұйымдастырады;

      11) құжаттарды басуды, көшірмесін түсіруді және жедел көбейтуді қамтамасыз етеді;

      12) материалдарды рәсімдеу, сақтау және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;

      13) аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау, аттестациядан өткізу және жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастырады.

      16. Функциялары:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 25 бабының талаптары негізінде туындайтын функцияларды жүзеге асырады.

3. "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Мәслихат аппаратын басқаруды мәслихат төрағасы (бұдан әрі- төраға) жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты.

      18. Аудандық мәслихат төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін, лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың төрағасы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.

      19. Мәслихат төрағасының орынбасарлары болмайды.

      20. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:

      1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды;

      3) мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;

      4) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

      5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

      6) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      7) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

      8) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

      9) Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

      10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

      11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

      12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

      13) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

      14) Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

      Мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

      21. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат төрағасы басқарады.

4. Мәслихат аппаратының мүлкі

      22. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата Жылыойского района"

Решение Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 19 мая 2023 года № 3-6

      В соответствии со статьями 8, 25 Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Аппарат маслихата Жылыойского района".

      2. Признать утратившими силу решения Жылыойского районного маслихата от 22 июня 2016 года № 3-11 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата Жылыойского района" и от 29 декабря 2018 года № 30-3 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат маслихата Жылыойского района".

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Жылыойского районного маслихата Н. Бектембаева.

      4. Настоящее решение вводиться в дейтвие со дня первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Қ. Мыңбаев

  Приложение
к решениию Жылыойского районного маслихата
от 19 мая 2023 года № 3-6
  Утверждено
решением Жылыойского районного маслихата
от 19 мая 2023 года № 3-6

Положение государственного учреждения "Аппарат маслихата Жылыойского района"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат маслихата Жылыойского района" (далее – "аппарат маслихата") является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере обеспечения деятельности соответствующего маслихата, его органов и депутатов.

      2. Аппарат маслихата не имеет ведомств.

      3. Аппарат маслихата осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат маслихата является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Аппарат маслихата вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат маслихата имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат маслихата по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает распоряжения председателя маслихата и решения, оформляемые другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата маслихата утверждаются на сессии районного маслихата в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Атырауская область, Жылыойский район, город Кульсары, проспект Махамбет, здание 26/1, почтовый индекс: 060100.

      10. Полное наименование государственного органа:

      1) на государственном языке – "Жылыой ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;

      2) на русском языке – государственное учреждение "Аппарат маслихата Жылыойского района".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата маслихата.

      12. Финансирование деятельности аппарата маслихата осуществляется из местного бюджета.

      13. Аппарату маслихата запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями аппарата маслихата.

      Если аппарату маслихата законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы, направляются вгосударственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      14. Задачи:

      Обеспечение деятельности Жылыойского районного маслихата, его органов и депутатов.

      15. Полномочия:

      1. Права:

      1) обеспечение своевременного финансирования своих бюджетных программ;

      2) оптимальное управление принадлежащим государственным имуществом;

      3) управление, координация и контроль бюджетных средств, выделенных на содержание и обеспечение деятельности аппарата маслихата;

      4) составление договоров и соглашений с физическими и юридическими лицами в целях обеспечения основной деятельности аппарата маслихата;

      5) предоставление налоговой, финансовой, статистической отчетности в соответствующие органы;

      6) осуществление полномочий аппарата в целях обеспечения деятельности представительного органа.

      2. Обязанности:

      1) осуществляет взаимодействие маслихата с акиматом района, трудовыми коллективами, предприятиями, организациями, учреждениями и органами самоуправления, в пределах полномочий, предусмотренных законодательством Республики Казахстан;

      2) ведет свою работу на основе перспективных и текущих планов, составляемых в соответствии с планами работы маслихата, его постоянных и иных комиссий;

      3) оказывает правовую и практическую помощь депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, организации приема граждан, отчетов и встреч с избирателями, обеспечивает их необходимыми справочными материалами, обобщает поступающие в маслихат информации;

      4) организует разработку мероприятий по выполнению критических замечаний и предложений, высказанных депутатами на сессиях маслихата, осуществляет совместно с постоянными комиссиями контроль за ходом их выполнения;

      5) участвует в подготовке материалов по вопросам административно-территориального устройства, обобщает и внедряет в практику передовой опыт работы маслихатов всех уровней;

      6)обеспечивает единый порядок делопроизводства, разрабатывает предложения по совершенствованию форм и методов работы с документами в аппарате маслихата, осуществляет контроль за своевременным их исполнением;

      7) организует подготовку проектов докладов, решений, справок и других документов по вопросам деятельности маслихата, обеспечивает оформление, выпуск и хранение подлинников правовых актов, принимаемых маслихатом, осуществляет ведение, соответствующее оформление протоколов сессий маслихата;

      8) представляют на государственную регистрацию нормативно-правовые акты маслихата и осуществляют их правовой мониторинг;

      9) доводит в установленном порядке до предприятий, учреждений и организаций, должностных лиц и граждан решения маслихата и его постоянных комиссий;

      10) осуществляет учет и регистрацию писем, заявлений и жалоб граждан, организует своевременное их рассмотрение;

      11) обеспечивает печатание, копирование и оперативное размножение документов;

      12) обеспечивает оформление, хранение и своевременную передачу материалов в архив;

      13) организует учет личных дел и прохождение аттестации, переподготовки и повышения квалификации работников аппарата маслихата.

      16. Функции:

      Исполняет функций вытекающие из требований статьи 25 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее-Закон).

3. Полномочия первого руководителя государственного учреждение "Аппарат маслихата Жылыойского района"

      17. Руководство аппаратом маслихата осуществляется председателем маслихата (далее-председатель), который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат маслихата задач и осуществление им своих полномочий.

      18. Председатель районного маслихата является должностным лицом, работающим на постоянной основе. Он избирается из числа депутатов открытым или тайным голосованием большинством голосов от общего числа депутатов и освобождается от должности маслихатом на сессии. Председатель маслихата избирается на срок полномочий маслихата.

      19. Председатель маслихата не имеет заместителей.

      20. Полномочия председателя маслихата:

      1) организует подготовку сессии маслихата и вопросов, вносимых на ее рассмотрение, формирует повестку дня сессии, обеспечивает составление протокола, подписывает решения, иные документы, принятые или утвержденные на сессии маслихата;

      2) принимает решение о созыве сессии маслихата;

      3) ведет заседания сессии маслихата, обеспечивает соблюдение регламента маслихата;

      4) содействует депутатам маслихата в осуществлении ими своих полномочий, обеспечивает их необходимой информацией, рассматривает вопросы, связанные с освобождением депутатов от выполнения служебных обязанностей для участия в сессиях маслихата, в работе его постоянных комиссий и иных органов, и в избирательных округах;

      5) контролирует рассмотрение запросов депутатов и депутатских обращений;

      6) руководит деятельностью аппарата маслихата, назначает на должность и освобождает от должности его служащих;

      7) регулярно представляет в маслихат информацию об обращениях избирателей и о принятых по ним мерах;

      8) организует взаимодействие маслихата с иными органами местного самоуправления;

      9) организует проверку подлинности собранных подписей депутатов маслихата, инициирующих вопрос о выражении недоверия акиму в соответствии с пунктом 1 статьи 24 настоящего Закона;

      10) по вопросам своей компетенции издает распоряжения;

      11) координирует деятельность постоянных комиссий и иных органов маслихата, и депутатских групп;

      12) представляет маслихат в отношениях с государственными органами, организациями, органами местного самоуправления и общественными объединениями;

      13) обеспечивает опубликование решений маслихата, определяет меры по контролю за их исполнением;

      14) выполняет иные полномочия, предусмотренные настоящим Законом, законодательством Республики Казахстан, регламентом и решением маслихата.

      При отсутствии председателя маслихата его полномочия временно осуществляются председателем одной из постоянных комиссий маслихата или депутатом маслихата.

      21. Аппарат маслихата в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан возглавляет председатель маслихата.

4. Имущество аппарата маслихата

      22. Аппарат маслихата может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество аппарата маслихата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за аппаратом маслихата относится к коммунальной собственности.

      24. Аппарат маслихата не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата

      25. Реорганизация и упразднение аппарата маслихата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.