Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 және 69-баптарына сәйкес Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қоса берілген жоспарға сәйкес шекараларда 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзіммен бірыңғай дәлізде магистральдық құбырларды (этан, пропан) салу және пайдалану үшін "KMG PetroChem" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жерді пайдаланушыдан алып қоймай, Жылыой ауданы Теңіз кен орнының аумағында орналасқан жалпы ауданы 1543,974 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Ә. Шәкіровке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж. Қаражанов |