"Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 45 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18, 124 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Махамбет аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережелері осы қаулының 1, 2, қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
3. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелерінің басшыларына заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу жұмыстарын жүргізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Махамбет ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Нурлыбаев |
Махамбет аудандық әкімдігінің 2023 жылғы "29" желтоқсандағы № 339 |
|
қаулысына 1 қосымша | |
Махамбет аудандық әкімдігінің 2023 жылғы "29" желтоқсандағы № 339 қаулысымен бекітілген |
"Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Мекеме) Махамбет ауданы бойынша ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің мынадай ведомстволары бар:
1) "Махамбет аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі № 16.
10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Махамбет ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1. Құқықтары:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрауға, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға қатыстыруға, белгілі бір ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмысшы тобын құруға;
2) аудан әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдар дайындауға;
3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ішкі саясат саласындағы қызметін нәтижелі атқаруға тапсырма беруге, сондай-ақ атқарушы органдардың өткізетін шараларына қатынасуға;
4) өз өкілеттілігі шеңберінде тиісті мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерінің жұмысын аудан әкімінің алқа мәжілісіне ұсынуға және оның орындалысы туралы аудан әкіміне хабарлама беруге;
5) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан, оларға қарасты кәсіпорындардан бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдар беруді талап етуге және алуға;
6) ведомстволардағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітуге;
7) ведомстволардағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітуге;
8) ведомстволардағы мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асыруға;
9) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, бекітуге;
10) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерiмен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға ұсынбағаны үшін оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға;
11) ішкі саясат саласы бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
12) мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға құқылы.
2. Міндеттері:
1) қоғамдық - саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылма-жылғы Жолдауы мен "Қазақстан-2050" Стратегиясының негізгі басымдылықтарын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттауға атсалысу;
3) аудандағы қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму үрдісін зерделеу;
4) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;
5) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған сауалнамалар жүргізу;
6) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
7) үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
9) аудандағы діни ахуалды зерделеу, дінге қатысты мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді;
10) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
11) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;
12) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға міндетті;
13) осы Ережеде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу, Қазақстанның даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;
2) ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
3) ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;
4) өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың даму барысын жан - жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;
5) мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;
6) өңірде қоғамдық - саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;
7) бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу саласының жұмыстарын үйлестіру;
8) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу, құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық наразылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындармен, оның ішінде, оппозициялық бағыттағылармен алдын алу жұмыстарын жүргізу;
9) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және аудандағы қоғамдық-саяси шаралардың, атқарылған жұмыстардың ақпараттық насихатталуын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын мақалаларды дайындау және жариялануын қамтамасыз ету. Жарияланатын мақалаларға мониторинг жүргізу, аудандық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасау;
10) мекеме, кәсіпорындардағы, мектептердегі қайырымдылық қорларының жұмыстарын жүйелеу, үйлестіру, ұйымдастыру;
11) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
12) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттарды бұзуға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау, тексеру қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік процессуалдық істерді жүргізу, істі сотқа жолдау, сот процесінде қорғау;
13) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыстарды жүзеге асыру;
14) ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;
15) саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;
16) азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни салада конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлардың өткізілуін ұйымдастырады;
17) мемлекеттiк органдардың, дiни бiрлестiктердiң "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңын бұзғандығы бойынша өтініштерді қарап, қажетті шараларды алу;
19) бөлімнің дін бағытындағы, жастар саясатына, қоғамдық саяси ахуалға қатысты ағымдағы және болашақтағы жұмыс жоспарларының жасайды, орындалуын қамтамасыз етеді;
20) аудандық діни ақпараттық - түсіндіру топтарының жұмысын ұйымдастырады. Азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша білім беру ұйымдарында, елді мекендерде, ұжымдарда діни ақпараттық-насихаттық топтарымен ағарту, түсiндiру жұмыстарын жүргiзеді;
21) аудан аумағында құрылған дiни бiрлестiктердiң қызметтерін зерделейді және талдайды;
22) аудан көлеміндегі мешіттердің, ғибадатханалардың жұмысына рейдтік шара ұйымдастырады, мониторинг жүргізеді;
23) жастар ісі жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, ұйымдармен жұмыс, аудандағы жастар саясатын жүргізу, жастар ресурстық орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасау, жастармен жұмысты үйлестіру;
24) аудандағы діни қоғамдық - саяси ахуалға мониторинг жүргізу. Аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау, басқа да органдармен тығыз байланыста жұмыс жасау;
25) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;
26) Өз құзыреті шегінде баспасөзге жазылуды ұйымдастыру, үйлестіру баспасөзге қатысты құжаттармен жұмыс жүргізу, округтер бойынша талдау жасау, қорытындылау, ақпарат жолдау;
27) аудан әкімі жанындағы Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын үйлестіру;
28) аудан көлеміндегі этносаралық саладағы ахуал бойынша тоқсан сайын облысқа есеп беру;
29) ардагерлер және мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдарымен, саяси партиялармен жұмыс жасау;
30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
31) әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының жұмысын үйлестіру, тоқсан сайын комиссия отырыстарын өткізу.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мекеме бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2) өз қызметкерлерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
5) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
6) заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;
7) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады; 9) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
10) мекеме бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Мекемемен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Махамбет аудандық әкімдігінің 2023 жылғы "29" желтоқсандағы № 339 қаулысына 2 қосымша |
|
Махамбет аудандық әкімдігінің 2023 жылғы "29" желтоқсандағы № 339 қаулысымен бекітілген |
"Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі –Мекеме) Махамбет ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мекеменің мынадай ведомстволары бар:
1) Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік мекемесінің "Өнерпаз аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2) "Махамбет аудандық орталық кітапхана" мемлекеттік мекемесі;
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі №16.
10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мекеме заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
Махамбет ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спортты және туризмді реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1. Құқықтары:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар және азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпарат сұрауға, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға қатыстыруға, белгілі бір ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмысшы тобын құруға;
2) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы қызметін нәтижелі атқаруға тапсырма беруге, сондай-ақ атқарушы органдардың өткізетін шараларына қатынасуға;
3) өз өкілеттілігі шеңберінде тиісті мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерінің жұмысын аудан әкімінің алқа мәжілісіне ұсынуға және оның орындалысы туралы аудан әкіміне хабарлама беруге;
4) жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан, оларға қарасты кәсіпорындардан бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдар беруді талап етуге және алуға;
5) ведомстволардағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітуге;
6) ведомстволардағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітуге;
7) ведомстволардағы мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асыруға;
8) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыруға, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді, бекітуге;
9) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру, спорт және туризм жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
10) мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға құқылы.
2. Міндеттері:
1) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру;
3) дене шынықтыру тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
5) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға міндетті;
6) осы Ережеде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;
2) аудандағы мәдениет үйлері мен кітапханалар жұмысына басшылық жасайды, дене тәрбиесі мен спортты және туризмді дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
3) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс, спорттық қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
4) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) ауданның спорттық, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
6) спорттық шараларға қатысушылардың материалдық қамтылуы үшін шығындар мөлшерін бекітеді;
7) Халықаралық, республикалық, облыстық ауданаралық және аудандық шараларды, спорттық жарыстар мен турнирлерді өткізеді, олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастырады;
8) Халықаралық жарыстар мен турнирлерге, Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және де басқа дәрежедегі чемпионаттарға аудан құрама командасын дайындауды, қатынастыруды қамтамасыз етеді;
9) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
10) 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын тағайындайды;
11) өз құзыреті шегінде мәдениет және спорт саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
12) ауданның мәдени-спорттық мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы бола алады;
13) мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
14) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
15) кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби шеберлігін көтеру, әдіскерлік жағынан қамту, конференциялар мен семинарлар, басқа да оқу мен мамандардың тәжірибе алмастыруларының бағдарламаларын бекітіп, үйлестіреді, спорттық жарыстар мен жиындар өткізу ережелерін бекітеді, тиісті құжаттарын дайындайды;
16) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
17) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19) ауданда туризм саласының дамуы бойынша жұмыстарды жүргізу;
20) аудан аумағында туристік ресурстарды қорғау, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі ұсыныстар енгізу;
21) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізу.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мекеме басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мекеме бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мекеме атынан сенім хатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;
3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісім-шарттар жасайды, сенім хаттар береді;
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады;
6) заңдылықтарға сай ведомстволық мекемелердің, ауылдық мәдениет үйлерінің, клубтың басшыларын лауазымға тағайындайды және босатады;
7) Мекеме бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. Мекемемен бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.