"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8)-тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 42 бабын басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2022 жылғы 14 шілдедегі Заңына, сәйкес Қызылқоға ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауы "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі етіп қайта аталсын.
2. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
3. "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;
2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.
4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 68 "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы" қаулысының күші жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Әзмұханов |
Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы "4" тамыздағы № 121 қаулысына қосымша |
"Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) өз функциясын жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Бөлімнің мынадай ведомствосы бар: "Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Атырау облысы Қызылқоға аудандық жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 060500, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Мәншүк Мамедова көшесі, №1
10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Бөлімінің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаты: Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалардың саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға, сондай-ақ аудандағы жұмыссыздық дейгейін төмендету, әлеуметтік әлсіз жіктеріне, мүгедектеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге ықпал ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары: - өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша, меншік және шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден кез-келген ақпарат есептер сұратуға, алуға және тексеруге;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізуге;
- өзіндік ақпараттық- анықтамалық бюллетеньдер, плакаттар буклеттер, әдістемелік материалдар шығаруға, жарнама тақталар жасақтауға құқылы;
2) міндеттері:
- жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;
- басқа да мемлекеттік органдармен, аудан әкімі аппаратымен бірлесіп аудандық бағдарламаларды және ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу және сараптау;
- халықтың еңбек етуге, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсетуде конституциялық құқықтарын және мүддесін іске асыру;
- әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмысты аудандық деңгейде ұйымдастыру;
- халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау мемлекеттік саясатын әзірлеу және іске асыруда жұмыс берушілер өкілдерінің, қызметкерлердің және қоғамдық ұйымдардың қатысуын қамтамасыз ету;
- қоғамдық ұйымдармен, қоғамдармен, соғыс және еңбек ардагерлері Кеңестерімен өзара байланыс жасау.
15. Функциялары:
1) әлеуметтік даму бағдарламаларымен мен халықтың өмір деңгейін көтеруге және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша орта мерзімді даму жоспар жобаларын әзірлеу және келісу;
3) халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру және реттеу, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
4) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар дайындау және енгізу;
5) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді ұйымдастыру;
6) жергілікті өкілді органдар қабылдаған нормативтік актілерге сәйкес әлеуметтік көмектерді тағайындауды және төлеуді ұйымдастыру;
7) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу;
8) "Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметін көрсету түрімен айналысады;
9) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
10) ұлттық жобалар, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
11) әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның жұмысын үйлестіру;
12) аудан әкімі, аудандық қызметкерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктері және кәсіподақтар арасындағы аудандық үш жақты Келісімді және аудандық үш жақты Келісімді іске асыру жөніндегі шараларды әзірлеу, келісу және аудандық үш жақты комиссияға бекітуге ұсыну;
13) аудандық үш жақты Келісімді іске асыру жөнінде қабылданған міндеттемелер мен шараларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу;
14) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
15) тұрғындар үшін әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссиялардың жұмысы туралы ақпараттық материалдар дайындау;
16) халықтың өмір деңгейін анықтайтын мінездемелер талдау;
17) мүгедектігі бар адамдарды оңалту жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру;
18) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
19) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
20) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;
21) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
22) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
23) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
24) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
25) мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде консультативті көмектер көрсету және олардың қызметтерін үйлестіру;
26) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;
27) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;
28) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде консультативті көмектер көрсету және олардың қызметтерін үйлестіру;
29) семинарларға, кеңестерге, аудан тұрғындарымен кездесулерге талдау материалдарын, баяндамалар дайындау;
30) халықтың белгілі топтарының өмір деңгейін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу (әлеуметтік карта);
31) ақпараттық әлеуметтік бағдарламаларды жолдау, кент,округтермен ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету;
32) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламалар базасын пайдалану тиімділігін қамтамасыз ету;
33) ақпараттық қызмет көрсету нарығының жұмыс жасауы үшін жағдай туғызу;
34) бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін материалдар дайындау;
35) бөлімнің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын әзірлеу және аудан әкімдігіне бекітуге ұсыну;
36) бөлімде және зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының бухгалтерлік есепті, лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бухгалтерлік есептің бюджеттік сыныптамасының және дұрыс жүргізілуін ұйымдастыру және бақылау;
37) бөлімдегі қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
38) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте азаматтардың, шаруашылық субъектілерінің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау және олар бойынша қажетті шаралар алу;
3. Бөлім басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Бөлім басшысының өкілеттіктері:
1) өзінің қызметкерлерінің құзыреті мен міндеттерін анықтайды;
2) Заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) шарттарға, бөлім актілеріне қол қояды;
5) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін және бөлімнің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады. Бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Бөлімді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшысы басқарады.
4. Бөлімнің мүлкі
20. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай- ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.