"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Есбол ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 22 маусымдағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Индер ауданы Есбол ауылдық округі Есбол ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
№ 3 көшеге - Хиуаз Доспанова көшесі;
№ 5 көшеге - Абылайхан көшесі;
№ 6 көшеге - Әл-Фараби көшесі;
№ 7 көшеге - Жұмекен Нәжімеденов көшесі;
№ 8 көшеге - Әйтеке би көшесі;
№ 9 көшеге - Бауыржан Момышұлы көшесі;
№ 10 көшеге - Шәмші Қалдаяқов көшесі;
Дина Нұрпейісова бұрылысы көшесіне Қайрат Рысқұлбеков көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Есбол ауылдық округінің әкімі | А. Тілекқабыл |