Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 08-02-02/15 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі Рабат елді мекені М.Өзтүрік № 1-17 көшелерінің аумағында бір бас иттің басынан құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 130 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | О.Қазыбаев |