Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17 және 69 бабтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлық қоғамына Сайрам ауданы аумағында орналасқан 0,4 кВ, 10кВ жоғарғы кернеулі электр жүйелеріне қызмет көрсету үшін жалпы көлемі 0,0122 гектар (ұзындығы 17,0 км) жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Сәбитов |