Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19, 32, 36, 43, 67, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-VКРЗ "Құқықтық актілер туралы" заңының 65 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы, 1-тармағы, 8–тармақшасының негізіге ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1."Zaure Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, 120 - орам аумағынан жылыжай кешеніне арналған жалпы көлемі 0,6 гектар жер учаскесін аспалы – электр желісін пайдаланушы үшін, 5 (бес) жыл дейінгі мерзімге уақытша өтеусіз шектеулі жер пайдалану құқығына қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақсукент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақсукент ауылдық округінің әкімі | А.Бурбеков |