Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының "Жер Кодексінің" 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 31, 37 баптарына және "Тат-Арка" ЖШС-ның бас директоры И.А.Туремуратовтың 05.07.2023 жылғы № 57 санды хатына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Тат-Арка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Созақ ауданы аумағынан барлығы-250 гектар жер учаскесіне далалық сейсмикалық жұмыстар жүргізу үшін қысқа мерзімді уақытша пайдалану құқығымен 2023 жылдың 30 қарашасына дейін сервитут белгіленсін.
2. Жалға алған жер учаскесіне төленетін сервитут ақысы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) Кодексіне" сәйкес уақытша жалға жер пайдалану туралы келісім шартта көрсетілген мерзімде төлеп отыру ұсынылсын. Келісім шартты 10 күннен кешіктірмей жасасу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | А.Б.Сатыбалды |