Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының "Жер Кодексінің" 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 31, 37 баптарына және "Sozak Oil and Gas" АҚ-ның бас директоры Лю Вэйдің 06.09.2023 жылғы № 003/152 санды хатына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Sozak Oil and Gas" Акционерлік қоғамының Созақ ауданы аумағынан барлығы-5 гектар жер учаскесіне барлау жұмыстарын жүргізу үшін қысқа мерзімді уақытша пайдалану құқығымен 2023 жылдың 15 қазанына дейін жария сервитут белгіленсін.
2. Жалға алған жер учаскесіне төленетін сервитут ақысы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі) Кодексіне" сәйкес уақытша жалға жер пайдалану туралы келісім шартта көрсетілген мерзімде төлеп отыру ұсынылсын. Келісім шартты 10 күннен кешіктірмей жасасу ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға жүктелсін.
Аудан әкімі | М.Тұрысбеков |