Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 бабының 1-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35- бабының 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Уранқуат" ЖШС-не Таукент кентінің көп қабатты үйлерін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 10 Кв жерасты кабельін жаңарту (ауыстыру) жұмыстарына барлығы 0,0854 гектар жер учаскесін пайдалану үшін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қоймастан 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге сервитут белгіленсін.
2. Жалға алған жер учаскесіне төленетін сервитут ақысы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқада төлемдер туралы (Салық Кодекс) кодексіне" сәйкес келісім-шартта көрсетілген мерзімде төленіп отырсын. Осы аталған келісім-шарт 10 күн мерзімінде жасалынып, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының есеп шотына төлеп отыру ұсынылсын.
3. "Созақ ауданының Таукент кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберілуін:
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды кент әкімінің орынбасары М.Ибраевқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Таукент кентінің әкімі | С.Маманов |