Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 29-189-V "Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 15-89-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Түркістан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 8-47-VIII шешiмi

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Шардара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шардара аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 29-189-V "Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 09 ақпандағы № 15-89-VII шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы А.Қарсыбаев

  Шардара аудандық мәслихатының
2023 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 8-47-VIII шешіміне қосымша
  Шардара аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 29-189-V шешімімен бекітілген

Шардара ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің аумағындағы, ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң әкiмдерімен шақырылады және ұйымдастырылады.

      4. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Шардара ауданы әкімдігінің ресми сайтына олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.

      5. Ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi аудандық маңызы бар қаланың және ауылдық округтiң әкiмiмен ұйымдастырылады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілкті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Шардара аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны аудандық маңызы бар қала және ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.

3. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

      11. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қала, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны төмендегідей айқындалады:

      жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны:

      халық саны 2000 адамға дейінгі елді мекендерде 2 өкілге дейін;

      халық саны 2000 мен 4000 адам аралығындағы елді мекендерде 3 өкілге дейін;

      халық саны 4000 адамнан жоғары елді мекендерде 4 өкілге дейін.

      12. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің саны:

      құрамына 1-3 ауыл енетін ауылдық округтерде 10 өкілге дейін; құрамына 4-6 ауыл енетін ауылдық округтерде 15 өкілге дейін; құрамына 7-9 ауыл енетін ауылдық округтерде 20 өкілге дейін.

О признании утратившим силу решение Шардаринского районного маслихата от 09 февраля 2022 года № 15-89-VII "О внесении измененй в решение Шардаринского районного маслихата от 27 июня 2014 года № 29-189-V "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Шардаринском районе"

Решение Шардаринского районного маслихата Туркестанской области от 12 сентября 2023 года № 8-47-VIII

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Шардаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Признать утратившим силу решение Шардаринского районного маслихата от 09 февраля 2022 года № 15-89-VII "О внесении измененй в решение Шардаринского районного маслихата от 27 июня 2014 года № 29-189-V "Об утверждении порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Шардаринском районе"

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата А.Карсыбаев

  Приложение к решению
маслихата Шардаринского района
от 12 сентября 2023 года №8-47-VIII
  Утвержден решением
Шардаринского районного маслихата
от 27 июня 2014 года № 29-189-V

Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей города районного значения, села, микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в Шардаринском районе 1. Общие положения

      1. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей города районного значения, села, микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома.

      2. Раздельный сход местного сообщества жителей микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома (далее - раздельный сход) на территории, города районного значения, сельских округов созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается и организуется акимами города районного значения, сельского округа.

      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или на интернет-ресурсе акимата Шардаринского района.

      5. Проведение раздельного схода в пределах села, микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом города районного значения и сельского округа.

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      7. Раздельный сход открывается акимом города районного значения, сельского округа или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода являются аким города районного значения, сельского округа или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.

      8. Кандидатуры представителей жителей города районного значения, села,микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода в соответствии с количественным составом, утвержденным маслихатом Шардаринского района.

      Количество представителей жителей города районного значения, села,микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.

      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.

      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима города районного значения и сельского округа.

3. Определение количества представителей жителей города районного значения, села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества

      11. Количество представителей жителей города районного значения, села, микрорайоны, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется следующим порядке:

      количество представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества:

      населенном пункте с численностью населения до 2000 человек до 2 представителя;

      населенном пункте с численностью населения от 2000 до 4000 человек до 3 представителя;

      населенном пункте с численностью населения свыше 4000 человек до 4 представителя.

      12. Количество представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества: сельских округах в состав которых входят 1-3 села до 10 представителя; сельских округах в состав которых входят 4-6 села до 15 представителя; сельских округах в состав которых входят 7-9 села до 20 представителя.