Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментіне, талшық-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін, Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі аумағынан 0,008 гектар, Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округі аумағынан 0,16 гектар, Жетісай ауданы Жылы су ауылдық округі аумағынан 2,04 гектар, Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі аумағынан 3,42 гектар жерлердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Жетісай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Елшібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | С.Примбеков |