Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сауран ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сауран аудандық мәслихатының төрағасы | С.Байсбаев |
Сауран аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 53 шешіміне қосымша |
Сауран ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын, айына | 43 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын, айына | 125 |
Бірлік (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 705 |