"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 03/232 ұсынысы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы "22" мамырдағы № 108 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 қаулысына 1-қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жатаған у кекіремен (аcroptilon repens DC.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы
№ | Ауылдық округтердің және елді мекендердің атауы | Жер учаскесінің тиесілігі | Зақымданған алаң, гектар |
Глубокое ауданы | |||
1 | Глубокое кенті | Панфилов көшесі жолының бойында | 1 |
Аудан бойынша барлығы | 1 | ||
Зайсан ауданы | |||
2 | Біржан ауылдық округі | "Шоқы" шаруа қожалығы | 50 |
"Бағлан" шаруа қожалығы | 3 | ||
"Тәуекел" шаруа қожалығы | 5 | ||
3 | Қаратал ауылдық округі | "Бота" шаруа қожалығы | 20 |
4 | Кеңсай ауылдық округі | "Ынтымақ" шаруа қожалығы | 18 |
босалқы жерлер, "Майлыбай" учаскесі | 3 | ||
5 | Зайсан қаласы |
жол-пайдалану бөлімшесі – 33, Зайсан – Қалжыр жолының бойында, | 3 |
"Толқын-М.С." шаруа қожалығы | 7 | ||
"Қызмет" шаруа қожалығы | 4 | ||
босалқы жерлер, "Кашар" учаскесі | 1 | ||
Аудан бойынша барлығы | 114 | ||
Катонқарағай ауданы | |||
6 | Ново-Хайрузовка ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік-жол бөлімшесі – 7, Ново-Хайрузовка – Октябрь өткелі жолының бойында, 68-километр | 0,5 |
7 | Үлкен Нарын ауылдық округі | Үлкен Нарын ауылы жолының бойында, асфальтбетон зауыты, "Лыжная база" учаскесі | 3 |
Аудан бойынша барлығы | 3,5 | ||
Самар ауданы | |||
8 | Бастаушы ауылдық округі | "ДАРХАН" шаруа қожалығы | 398 |
9 | Белен ауылдық округі | "ЖАҢАЖОЛ" шаруа қожалығы | 500 |
"Адал" шаруа қожалығы | 580 | ||
10 | Құлынжон ауылдық округі | "Талды Екпін" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 20 |
11 | Мариногорка ауылдық округі | "ЕҢБЕК-АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 |
Аудан бойынша барлығы | 1698 | ||
Күршім ауданы | |||
12 | Балықшы ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік-жол бөлімшесі – 5, Күршім – Ақсуат жолының бойында, 21-ден 28-километрге дейін | 10 |
13 | Боран ауылдық округі | жол-пайдалану бөлімшесі – 33, Боран – Қалжыр жолының бойында, 56-дан 73-километрге дейін | 8 |
"Алқабек" учаскесі, босалқы жерлер | 5 | ||
14 | Күршім ауылдық округі | "Қараөзек" учаскесі, босалқы жерлер | 50 |
15 | Сарыөлең ауылдық округі | "Алма ағашы" учаскесі, босалқы жерлер | 40 |
"Тораңғы" учаскесі, босалқы жерлер | 100 | ||
Аудан бойынша барлығы | 213 | ||
Тарбағатай ауданы | |||
16 | Ақжар ауылдық округі | Ақжар ауылының автомобиль жолының бойында, 5-тен 20-километрге дейін, 29-километр | 17 |
17 | Қарасу ауылдық округі | "ОблШығысЖол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, өндірістік-жол бөлімшесі – 8 | 33 |
Аудан бойынша барлығы | 50 | ||
Ұлан ауданы | |||
18 | Багратион ауылдық округі | "Багратион 2" шаруа қожалығы | 1939 |
19 | Каменка ауылдық округі | "Каменское СТ" шаруа қожалығы | 187 |
"Синельников" шаруа қожалығы | 240 | ||
20 | Таврия ауылдық округі | "Иванченко" шаруа қожалығы | 81 |
"Пролетарка" шаруа қожалығы | 276 | ||
21 | Төлеген Тохтаров ауылдық округі | "Гладышев и К" шаруа қожалығы | 170 |
22 | Өскемен ауылдық округі | "Бережной" шаруа қожалығы | 80 |
"Ярославское" шаруа қожалығы | 90 | ||
"Иртыш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 275 | ||
Аудан бойынша барлығы | 3338 | ||
Шемонаиха ауданы | |||
23 | Выдриха ауылдық округі | Шемонаиха – Выдриха жолының бойында, 3-километр | 30 |
24 | Зевакино ауылдық округі | "Скитер С.Л." шаруа қожалығы | 160 |
25 | Каменев ауылдық округі | "Арман" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 200 |
26 | Разин ауылдық округі | жеке кәсіпкер "Леонтьев С.А.", "Егоровское" шаруа қожалығы | 240 |
27 | Первомай кенті | Первомай – Шемонаиха жолының бойында | 3 |
28 | Усть-Таловка кенті | "Абеков Б.Н." шаруа қожалығы | 97 |
29 | Октябрьское ауылдық округі | Октябрьское ауылынан 500 метр қашықтықтағы босалқы жерлер | 85 |
30 | Шемонаиха қаласы | елді мекен жерлері, автомобильге жанармай құю станциясы, полиция бекетінен 200 метрдегі жол-пайдалану участогы, Шемонаиха-Октябрьское жолының бойында, 1 километр | 0,04 |
Аудан бойынша барлығы | 815,04 | ||
Облыс бойынша барлығы | 6232,54 |