"Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 1632 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Өскемен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылсын:

      1) Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 328 "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысы;

      2) Өскемен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 1761 "Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 328 "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы" Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.

      3. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Өскемен қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 30 мамыр
№ 1632 қаулысына қосымша

"Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімде мынадай ведомстволары бар:

      1) алып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 05.07.2023 № 2171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен Водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны;

      3) Өскемен қаласы әкімдігінің "ТАЗА ӨСКЕМЕН" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;

      4) "Өскемен қаласы жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      5) "Өскемен қаласының көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 05.07.2023 № 2171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

      9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Казақстан көшесі, 27, пошталық индексі 070004.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) қаланың тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;

      3) қалада қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

      4) заңнамамен белгіленген жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде қала аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      құзыреті шегінде барлық ұйымдарда Бөлім мен мемлекеттің мақсат-мүдделерін ұсыну және олардың құқықтарын қорғау;

      көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу.

      2) міндеттері:

      акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қатысу үлестеріне, мемлекеттік заңды тұлғалар құқықтарының субъектісіне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыру, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыретіне ұқсас шешімдер қабылдау;

      әзірлеуші Бөлім болып табылатын, қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

      қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар бойынша сот қараған кезде сотқа жүгінуге және қатысуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

      15. Функциялары:

      1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру;

      2) қаланың байланыс желілерінің су құбырларын, тазарту имаратының, жылу және электр желілерінің және басқа да көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды және пайдалануды ұйымдастыру;

      3) туысы жоқ адамдарды жерлеу және жерлеу орындарының зираттарын күтіп-ұстауды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      4) зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты қаланың жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырады;

      5) қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде қала аумағын көріктендіру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды және қоғамдық орындарды сыртқы ресімдеуді ұйымдастыру;

      6) заңнамамен берілген жергілікті атқарушы органның өкілеттіктер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;

      7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, қалалық жолдар, көріктендіру объектілерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      8) қалалық жолдарды, тұрғын үй-коммуналдық және коммуналдық мақсаттағы көріктендіру объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;

      9) қаланың жол-көпір шаруашылығы және көріктендіру объектілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;

      10) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы тасымалдауды ұйымдастыру, маршруттарды бекіту жөніндегі жұмыстар, оларға қызмет көрсету құқығында конкурстарды ұйымдастыру және өткізу және Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес маршруттар бойынша олардың қозғалыс кестесін бекіту;

      11) жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізу;

      12) жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру;

      13) қалалық, қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды ұйымдастыру;

      14) қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      15) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      16) ағаштарды кесуге рұқсат беру;

      17) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларының техникалық жағдайына және пайдалануларына, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығына және жүзеге асырылуына және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;

      18) жылу желілеріндегі (магистралдық, кварталішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу;

      19) жылу желілерін (магистралдық, кварталішілік) жоспарлы жөндеулерді келісу;

      20) барлық қуаттылықтағы жылыту қазандықтарының және жылу желілерінің (магистралдық, кварталішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа дайындық паспорттарын беру;

      21) тұтынушылардың жылу энергиясынан шектелуіне, қазандықтардың энергетикалық жабдығының бүлінуіне әкеп соққан жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексерулердің есебін жүргізу;

      22) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асыру;

      23) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету;

      24) қаланың жергілікті атқарушы органның құзыреті шегінде коммуналдық қалдықтармен айналысу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      25) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

      26) коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жиналу нормаларын есептеу қағидаларын әзірлеу;

      27) қаланың жергілікті өкілді органдарына бекітуге ұсыну үшін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      28) қаланың жергілікті өкілді органдарына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      29) коммуналдық қалдықтарды басқару және олардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

      30) коммуналдық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау, қалпына келтіру және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін қажетті инфрақұрылымды құруды және оның жұмыс істеуін, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қамтамасыз ету;

      31) коммуналдық органикалық қалдықтарды бөлек жинауды және оларды қалпына келтіруді, оның ішінде компостерлеу арқылы ынталандыру;

      32) экологиялық заңнаманың талаптарына және коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығына қатысушыларды айқындау бойынша конкурс (тендер) өткізу арқылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін ұйымдастыру;

      33) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, осы Ережемен белгіленген қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті шегінде және қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      34) тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалауды ұйымдастыру;

      35) тарихи ластануды жоюды ұйымдастыру;

      36) тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      37) таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      38) қалалық рельсті көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

      39) арнайы алаңдарда немесе автотұрақтарда ұсталған көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді сақтауды ұйымдастыру;

      40) қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар үшін олардың тұрғылықты жері бойынша қоғамдық орындарда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

      41) тұрақты жұмыс орны жоқ және оқумен айналыспайтын, мәжбүрлі еңбекке тартылған, бас бостандығын шектеуге сотталғандар үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру және айқындау;

      42) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау:

      Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзу (барлық қуаттылықтағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде);

      электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу (барлық қуаттылықтағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде);

      дайындық паспорттарын алу мерзімін бұзғаны (барлық қуаттылықтағы қазандықтар және жылу желілері (магистралдық, кварталішілік) бөлігінде);

      технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты беру жөніндегі талаптарды бұзу (барлық қуаттылықтар мен жылу желілерінің қазандықтары бөлігінде);

      Қазақстан Республикасының қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзғаны (барлық қуаттылықтағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде);

      жылу желілерін бүлдіру;

      электр және жылу желілері желілерінің күзет аймақтарында жұмыстар жүргізу (жылу желілерінің күзет аймақтары бөлігінде);

      энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өнімді сату және пайдалану жөніндегі шектеулерді бұзу;

      ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау;

      43) қала көшелерінің тізбесін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу;

      44) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес қала көшелерін салу, реконструкциялау, пайдалану, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      45) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беру жөнiндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн мөлшерлемелердің мөлшерiн әзiрлеу;

      46) қала көшелерінің желісін басқару, қаланың көше-жол желісін дамытуды жоспарлау;

      47) қаланың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

      48) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдігінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      49) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталатын өз құзыретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді;

      2) Бөлімнің құрылымын дербес анықтайды;

      3) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді белгіленген тәртіпте шақырады;

      4) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;

      5) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүдделерін қорғайды;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауап береді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта автомобильных дорог города Усть-Каменогорска"

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 30 мая 2023 года № 1632

      В соответствии с пунктом 2 статьи 40 Административного процедурно-процессуального кодекса Ресублики Казахстан, статьей 124 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений", акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта автомобильных дорог города Усть-Каменогорска".

      2. Отменить следующие постановления акимата города Усть-Каменогорска:

      1) постановление акимата города Усть-Каменогорска от 19 мая 2016 года № 328 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Усть-Каменогорска".

      2) постановление акимата города Усть-Каменогорска от 25 апреля 2019 года № 1761 "О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 19 мая 2016 года № 328 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Усть-Каменогорска".

      3. Государственному учреждению "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта автомобильных дорог города Усть-Каменогорска" обеспечить принятие мер, вытекающих из настоящего постановления предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением постановления возложить на курирующего заместителя акима города Усть-Каменогорска.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Усть-Каменогорска Ж. Омар

  Приложение
к постановлению акимата
города Усть-Каменогорска
от 30 мая 2023 года № 1632

Положение о государственном учреждении "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Усть-Каменогорска"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Усть-Каменогорска" (далее – Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Усть-Каменогорска.

      2. Отдел имеет ведомства:

      1) исключен постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 05.07.2023 № 2171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2) государственное казенное предприятие на праве хозяйственного ведения "Өскемен Водоканал" акимата города Усть-Каменогорска;

      3) коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "ТАЗА ӨСКЕМЕН" акимата города Усть-Каменогорска;

      4) товарищество с ограниченной ответственностью "Центр управления пассажирскими перевозками города Усть-Каменогорска";

      5) товарищество с ограниченной ответственностью "Транспортная компания города Усть-Каменогорска".

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 05.07.2023 № 2171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также настоящим Положением.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение Отдела: Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, город Усть-Каменогорск, улица Казахстан, 27, почтовый индекс 070004.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.

      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела.

      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      13. Задачи:

      1) организация и обеспечение функционирования и развития систем инженерного обеспечения жизнедеятельности города;

      2) взаимодействие с предприятиями коммунальной сферы в вопросах стабилизации уровня и дальнейшего роста качества коммунальных услуг, получаемых населением и учреждениями бюджетной сферы;

      3) обеспечение необходимого уровня благоустройства, санитарного состояния, озеленения и проведения комплекса мероприятий по созданию и поддержанию благоприятной окружающей среды в городе;

      4) реализация государственных программ на территории города в пределах компетенции местного исполнительного органа города, установленной законодательством.

      14. Полномочия:

      1) права:

      представлять интересы Отдела и государства и защищать их права в пределах компетенции во всех организациях;

      вносить предложения акиму города и в исполнительные органы о совершенствовании деятельности в сфере благоустройства.

      2) обязанности:

      осуществлять права владения и пользования государственным пакетом акций акционерных обществ и долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью, субъекта права государственных юридических лиц, в том числе, принимать решения, аналогично компетенции уполномоченных органов соответствующей отрасли согласно законодательству Республики Казахстан о государственном имуществе;

      осуществлять правовой мониторинг нормативных правовых актов акима и акимата города, разработчиком которых являлся Отдел и своевременно принимать меры по внесению в них изменений и (или) дополнений, или признанию их утратившими силу;

      обращаться в суд и участвовать при рассмотрении судом по нарушениям законодательства Республики Казахстан в пределах компетенции местного исполнительного органа города;

      осуществлять иные права и выполнять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) реализация основных направлений государственной политики в сфере жилищно-коммунального хозяйства;

      2) организация строительства и эксплуатации водопроводов, очистных сооружений, тепловых и электрических сетей и других объектов транспортной и инженерной инфраструктуры сетей связи города;

      3) организация содержания и обслуживания кладбищ мест захоронений и погребения безродных, осуществление контроля за соблюдением условий договора об организации дела по погребению;

      4) размещение актуальной информации по занятым и свободным участкам кладбищ на официальном интернет-ресурсе местного исполнительного органа города;

      5) организация работ по благоустройству, освещению, озеленению, санитарной очистке территории города и внешнего оформления общественных мест в пределах компетенции местного исполнительного органа города;

      6) участие в формировании ценовой (тарифной) политики в сфере коммунальных услуг в пределах полномочий местного исполнительного органа города, предоставленных законодательством;

      7) разработка планов мероприятий по строительству, реконструкции и капитальному ремонту объектов жилищно-коммунального хозяйства, городских дорог, объектов благоустройства;

      8) участие в работе государственных комиссий по приемке в эксплуатацию городских дорог, объектов благоустройства жилищно-коммунального назначения;

      9) участие в решении вопросов финансового и материального обеспечения целевых программ развития жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта, объектов благоустройства и дорожно-мостового хозяйства города;

      10) организация регулярных городских, пригородных перевозок пассажиров и багажа, работы по утверждению маршрутов, организация и проведение конкурсов на правах их обслуживания и утверждение расписания их движения по маршрутам в соответствии с законодательством Республики Казахстан в сфере транспорта;

      11) ведение реестра маршрутов регулярных городских, пригородных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      12) организация перевозок пассажиров и багажа на такси;

      13) организация субсидирования убытков перевозчиков при осуществлении социально-значимых перевозок на городских, пригородных сообщениях;

      14) обеспечение безопасности дорожного движения в городе;

      15) разработка и реализация мероприятий по организации дорожного движения на дорогах;

      16) выдача разрешений на вырубку деревьев;

      17) осуществление контроля за эксплуатацией и техническим состоянием теплоиспользующих установок потребителей, подготовкой и осуществлением ремонтно-восстановительных работ по тепловым сетям и их функционирования в осенне-зимний период;

      18) проведение расследований технологических нарушений на тепловых сетях (магистральных, внутриквартальных);

      19) согласование планового ремонта котельных и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных);

      20) выдача паспортов готовности отопительных котельных всех мощностей и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных) к работе в осенне-зимних условиях;

      21) ведение учета расследований технологических нарушений в работе тепловых сетей, пришедших к ограничению потребителей тепловой энергии, повреждению энергетического оборудования котельных;

      22) организация работы по включению мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности в программу развития соответствующего района, города областного значения, а также осуществление информационной деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;

      23) обеспечение проведения государственной политики в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;

      24) реализация государственной политики в области обращения с коммунальными отходами в пределах компетенции местного исполнительного органа города;

      25) организация осуществления раздельного сбора коммунальных отходов;

      26) разработка правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов;

      27) разработка норм образования и накопления коммунальных отходов для представления на утверждение в местный представительный орган города;

      28) разработка предложений по тарифам для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан для представления в местный представительный орган города;

      29) организация разработки программ по управлению коммунальными отходами и обеспечения их выполнения;

      30) обеспечение создания и функционирования необходимой инфраструктуры для субъектов предпринимательства, осуществляющих деятельность по сбору, транспортировке, сортировке, восстановлению и удалению коммунальных отходов, в том числе посредством государственно-частного партнерства;

      31) стимулирование раздельного сбора органических коммунальных отходов и их восстановления, в том числе путем компостирования;

      32) организация централизованной системы сбора твердых бытовых отходов, посредством проведения конкурса (тендера) по определению участников рынка твердых бытовых отходов, осуществляющих сбор и транспортировку твердых бытовых отходов в соответствии с требованиями экологического законодательства и правилами управления коммунальными отходами;

      33) осуществление деятельности в области охраны, восстановления и сохранения окружающей среды в сфере и пределах компетенции местного исполнительного органа города, установленных настоящим Положением, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      34) организация выявления и оценки объектов исторического загрязнения;

      35) организация ликвидации исторического загрязнения;

      36) ведение реестра физических и юридических лиц, подавших уведомление о начале осуществления деятельности по установке и обслуживанию тахографов;

      37) ведение реестра индивидуальных предпринимателей и юридических лиц, подавших уведомление о начале осуществления деятельности в качестве перевозчика такси;

      38) осуществление государственной регистрации транспортных средств городского рельсового транспорта;

      39) организация хранения задержанных транспортных средств, судов, в том числе маломерных судов на специальных площадках или стоянках;

      40) организация общественных работ для осужденных, привлеченных к общественным работам в общественных местах по месту их жительства;

      41) организация и определение мест общественных работ для осужденных к ограничению свободы, не имеющих постоянного места работы и не занятых на учебе, привлеченных к принудительному труду;

      42) составление протоколов об административных правонарушениях за:

      нарушение законодательства Республики Казахстан об электроэнергетике (в части котельных всех мощностей, тепловых сетей и тепловой энергии);

      нарушение утвержденных правил технической эксплуатации электрических станций и сетей, техники безопасности при эксплуатации тепломеханического оборудования электростанций и тепловых сетей, технической эксплуатации электроустановок потребителей, а также нарушение установленных режимов энергопотребления (в части котельных всех мощностей, тепловых сетей и потребителей тепловой энергии);

      нарушение срока получения паспорта готовности (в части котельных всех мощностей и тепловых сетей (магистральных и внутриквартальных);

      нарушение требований о предоставлении информации о технологических нарушениях (в части котельных всех мощностей и тепловых сетей);

      нарушение законодательства Республики Казахстан в области поддержки использования возобновляемых источников энергии (в части котельных всех мощностей и тепловой энергии);

      повреждение тепловых сетей;

      производство работ в охранных зонах линий электрических и тепловых сетей (в части охранных зон тепловых сетей);

      нарушение ограничений по продаже и использованию продукции в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;

      незаконную порубку, уничтожение или повреждение деревьев и кустарников;

      43) внесение предложений по утверждению перечня улиц города;

      44) организация работ по строительству, реконструкции, эксплуатации, ремонту и содержанию улиц города в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках, в области государственно-частного партнерства и о концессиях;

      45) разработка предложений по передаче участков автомобильных дорог (мостовых переходов) для реализации проекта государственно-частного партнерства, в том числе в концессию, порядка и условий их эксплуатации, размера ставок за проезд по ним;

      46) управление сетью улиц города, планирование развития улично-дорожной сети города;

      47) управление дорогами и дорожными предприятиями, находящимися в коммунальной собственности города;

      48) разработка проектов правовых и нормативных правовых актов акима и акимата города по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;

      49) осуществление иных функций в интересах местного государственного управления, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      16. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих полномочий.

      17. Первый руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Первый руководитель Отдела имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия первого руководителя Отдела:

      1) решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;

      2) самостоятельно определяет структуру Отдела;

      3) созывает в установленном порядке совещания по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;

      4) определяет полномочия работников Отдела;

      5) представляет интересы Отдела во всех организациях;

      6) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;

      7) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества, приобретенного в результате собственной деятельности, и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности.

      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственого органа

      24. Реорганизация и упразднение Отдела осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.