Ескерту. Шешім жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімінің 10.04.2023 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 07 наурыздағы № 86 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдарында мүйізді ұсақ малдары арасында қой күлі (оспа) ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Катонқарағай ауылдық округінің әкімі | К. Нурканов |