БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 9 қазандағы № 1-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индекс 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 52-үй.".
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы |
М. Омаров |