Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы әкімінің "Жаңақала ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2023 жылғы 2 мамырдағы №4 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. "Жаңақала ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы шешімнің Жаңақала ауданы әкімдігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Көшкінбаев |