Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелді), 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32927 болып тіркелді) бұйрықтарына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2023 жылға арналған Қаратөбе ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарыға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (басшы лауазымдарды қоспағанда) келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
2. Қаратөбе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 27-3 "2023 жылға арналған Қаратөбе ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Н. Мендешов |