"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Ж. Қасымбек |
Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "__" _______ № _________ қаулысына қосымша |
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Р/с | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) |
Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) | |||||||||
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым |
Жеке | Шағын орталық | Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар |
1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы түзету және инклюзивті топтар. | Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы білім беретін топтар және толық күн болатын шағын орталықтар | Жарты күн болатын шағын орталық | Санато риялық мектепке дейінгі ұйымдар |
1. Жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдағы арнайы және инклюзивті топтар. | Мемлекеттік, жекеменшік мектепке дейінгі ұйым және толық күн болатын шағын орталық | |||
толық күн болатын | жарты күн болатын | |||||||||||
3 | 3 пен 6 жас аралығында | |||||||||||
1. | 25 025 | 48 556 | 912 | 3 595 | 340 | 2086 | 56 327 | 24 884 | 83 983 | 100 831 | 19 700 | 20 800 |
_________________________________________