БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19160 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларында:
2-тармақ 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) және 46) тармақшалармен толықтырылсын:
"36) аға әуеайлақ авиациялық бастық – мемлекеттік авиацияны басқару органы (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) тағайындаған және әуеайлақта жауынгерлік даярлықты (іс жүргізу ісін) ұйымдастыратын осы әуеайлақта орналасқан мемлекеттік авиацияның авиациялық бөлімі командирінен, азаматтық авиацияның кәсіпорыны және ұйымы бастығынан лауазымды адам;
37) төсемі жасанды ұшу-қону жолағының жолы – ұшу-қону жолағы аяқталатын жерді қауіпсіздік жолағының аяқталған жерінен бөліп тұратын жасанды төсемнің көлденең жиегі;
38) төсемі жасанды ұшу-қону жолағы жанындағы өтпелі учаске – жасанды ұшу-қону жолағының жиегінмен жалғасатын, қаттылығы төмен және әуе кемесі (тікұшақ) жиек алдында топыраққа қонғанда жылдамдық алу уақытында жолақ шегінен шыққан кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолайлы төсемі жасанды қауіпсіздік жолағының аяқталған ауыспалы учаскесі;
39) әуеайлақішілік жол – әуеайлақтағы объектілер мен құрылысты байланыстырады;
40) әуеайлақ маңындағы аумақ – орталығы әуеайлақтың бақылау нүктесінде орналасқан және радиусын азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жер бетіндегі аумақ;
41) авиациялық жабдық: ұшуға, әуе қозғалысын басқару мен ұшуды жерүсті қамтамасыз ету үшін арналған:
авиациялық кешен (ӘК, борттық жабдығы мен агрегаты, қозғалтқышы, мемлекеттік авиациялық ӘК-нің авиациялық қару-жарағы, авиациялық құтқару құралы);
күрделі тренажер (ұшу симуляторы);
әуе қозғалысын, навигациялауды, қонуды, байланысты басқару техникалық құралдары;
жерүсті қамтамасыз ету және жалпы пайдалану құралдары;
жиынтықтаушы бұйым;
42) жалпы қолданыстағы жерүсті қамтамасыз ету жабдығы: әуе кемесіне әуеайлақ-техникалық қызмет көрсету жабдығы, әуеайлақты пайдалануға әзірлікте ұстау құралдары, іздеу және құтқару құралдары;
43) әуеайлақтық-техникалық қызмет көрсету құралдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығымен бекітілген ҚР ҚК ӘҚК-нің әскери техникасы мен техникасының заттай нормасындағы тізбеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12291 болып тіркелген) сәйкес әуеайлақ-пайдалану техникасы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 748 қбпү бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль және электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16204 болып тіркелген) сәйкес жылжымалы жанармай, май және арнайы сұйықтық құю құралдары;
44) инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ИАҚ) мемлекеттік авиацияны техникалық қамтамасыз ету негізін құрайды және авиациялық техниканы (бұдан әрі – АТ), құралдарды ұдайы ақаусыз пайдалану және жауынгерлік міндеттерді орындауға әзірлікте ұстауға, істен шықпауына және жоғары тиімділікте қолдануға қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді. АТ-ны ИАҚ арқылы басқа қамтамасыз ету түрі іске асырылады;
45) авиациялық техникаға қызмет көрсету авиациялық жерүсті мамандары – арнайы даярлығы бар, әуе кемесінің ұшуын, авиациялық жұмысты жерүсті қамтамасыз ету, әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқарудың жерүсті, навигациялау, қону және байланыс техникалық құралдарын пайдалану, әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару әрекетін жүзеге асыратын авиациялық персонал, инженерлік-әуеайлақтық қызмет және әуеайлақ-пайдалану бөлімшесінің мамандары, әуеайлақ-техникалық құрам;
46) техникалық қызмет көрсету құралы (арнайы қолданыстағы жерүсті қызмет көрсету құралы, объективті бақылау құралы, құрал-сайман, әскери жөндеу құралы, бақылау-тексеру аппаратурасы және өлшеу құралы).";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ұшуды жоспарлау кезінде аға авиациялық бастық ай айын ұшудан бос күні ҰҚЖ, БЖ, ТО төсемін ағымдағы жөндеу (негізін жөндеп түскен плитаны қалау, қатты сынғанды жөндеу, жікті жаппай жөндеу) бойынша еңбекті көп қажет ететін жұмыс үшін 3 күн қатар арнайды. Аға авиациялық бастықтың шешімі бойынша осы жұмысқа арналған уақыт ұзартылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. ҰҚЖ-ның жасанды төсемін, ұшу жолағының топырақты учаскесін пайдалануға ұстау және ағымдағы жөндеу және әуеайлақты ұшу алдында дайындау жұмысы кезінде қауіпсіздік шараларының талаптарын қатаң орындау, жұмыс жетекшісінің ұшу жетекшісімен (әуе кемесін қабылдау және жіберу бойынша кезекшімен) үздіксіз байланысты ұйымдастыру, ҰҚЖ-ны дереу босатуды қамтамасыз ету қажет.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Егер ACN санының ақпараттық көрсеткіші (бір дөңгелек салмағына және қысым кодына эквивалентті) тиісті PCN санының ақпараттық көрсеткішінен аспаса, төсем төсемді шектеусіз пайдаланады. Егер бұл шарт орындалмаса, әуе кемесінің массасына, авиадөңгелек шинасындағы қысымға шектеу қойылады, ұшып шығу және қону қарқыны төмендетіледі. Төсемді негізгі қабілетін бойынша бағалау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Бақылап тексеру және түпкілікті тазарту, ҰҚЖ, БЖЖ, ӘКДТБ төсемінің ақауы мен зақымдануын анықтау үшін төсем енінің 4-7 метрге бір адам есебінен әуеайлақ-пайдалану бөлімшесінің жеке құрамы тағайындалады.
Анықталған ақауды белгілеу үшін бақылап тексеруге қатысатын жеке құрам қарап-тексерілетін учаскесінің схемасымен қамтамасыз етіледі.
Бақылап тексеруде анықталған ақау мен зақымдану дереу немесе ұшудан кейін жойылады, бөгде заттар тиесілігі бойынша (бетон жарықшағы, жік толтырғыш, бақылау сымы) сұрыпталады және авиациялық бөлімнің инженерлік-әуеайлақтық қызметінде бөгде заттарды анықтауды ай сайын талдаумен есепке алынады.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Ұшу алаңында жұмыс алдында жұмыс жетекшісі:
1) ұшу жетекшісімен (әуе кемесін қабылдау және ұшыру бойынша кезекшімен) жұмыс орнын, жұмысты бастау және аяқтау уақытын, пайдаланылатын байланыс түрі мен арнасын, сондай-ақ байланысты бақылау уақытының аралығын келіседі;
2) бөлімше жеке құрамына жұмысты шұғыл тоқтату, техниканы жинау және ұшу алаңын босату туралы белгіленген сигналды жеткізеді;
3) әуеайлақтық-пайдалану техникасында радиотехникалық, жарық-сигнал құралының бар болуын және ақаусыздығын тексереді;
4) жұмыс аяқталғаннан кейін ұшу жетекшісін ұшу алаңын босату және әуе кемесін қабылдауға және ұшыруға дайын болуы туралы хабардар етеді.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Әуеайлақтық-пайдалану бөлімшесінің командирі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авиациялық инцидентті болдырмау үшін:
1) әуеайлақты ұшуға уақтылы және сапалы дайындайды және ұшу алдында және ұшу барысында төсемнің жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді;
2) әуеайлақтың ұшу алаңын дұрыс ұстайды;
3) әуеайлақтың ұшу алаңын уақтылы және сапалы ағымдағы жөндейді;
4) авиациялық оқиға мен авиациялық инцидентті есепке алады және объективті талдайды;
5) жеке құрамның және техниканың әуеайлақ бойынша жүруін ұйымдастырады және бақылайды.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Бақылау-жуу бекетінен өтпей, ҰҚЖ, БЖ және ТО төсемі бойынша жүруге жол берілмейді.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Төсемді күтіп-ұстау жүйелі бақылауды және пайдаланып күтіп-ұстауды қамтиды.
Ұшу алаңының жай-күйін жүйелі бақылау:
күнделікті қарап-тексеруді;
бақылап тексеруді;
жоспарлы қарап-тексеруді;
жоспардан тыс қарап-тексеруді қамтиды.
Төсемді күнделікті қарап-тексеру күн сайын таңғы уақытта жүргізіледі. Бұл ретте ҰҚЖ-ның жасанды мен топырақты төсемінің, ұшу алаңының элементінің жай-күйі жедел тексеріледі.
Бақылап тексеру ұшу күні – басталар алдында, барысында және ұшудан кейін әуеайлақтың жұмыс алаңында бөгде заттың болуы мәніне жүргізіледі.
Жоспарлы қарап-тексеру күзде қысқы пайдалану алдында, көктемде қар кеткеннен кейін жүргізіледі. Жоспарлы қарап-тексеру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес нысан бойынша жаңадан және алдыңғы қарап-тексеруден кейін жойылмаған "20___жылғы ______қарап-тексеру нәтижесі бойынша төсем ақаулығының ведомосы" жасалады. Төсем жай-күйінің өзгеруі төсемнің ақаулық жоспарында белгіленеді.
Жоспардан тыс қарап-тексеру қатты жауын-шашыннан, дауылды желден, зілзаладан немесе әуеайлаққа әсер еткен жағымсыз табиғи фактордан, сондай-ақ әуеайлақта болған авиациялық оқиғадан кейін жүргізіледі.
Ақаулық төсемді ағымдағы жөндеу барысында жойылады.
Барлық жоспарланған жұмыс осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір жылға арналған әуеайлақ объектілерін ағымдағы жөндеу және пайдаланып қамту күнтізбелік жоспар-кестеде көрсетіледі және атқару шамасына қарай осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақты ағымды жөндеу жұмысын есепке алу журналына енгізіледі.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Төсемнің барлық түрін пайдаланып күту:
1) төсемді бөгде заттан, қардан және көк мұздан тазартуды;
2) су жиналған жерді судан тазалауды;
3) төсем таңбалауын жаңартуды;
4) жікті күтіп-ұстауды;
5) ұсақ ақауды жоюды;
6) қорғаныш сіңдіру құраммен (цемент-бетон және асфальт-бетон төсем) өндеуді қамтиды.
Қорғаныш сіңдіру құраммен өндеу алдында төсем жуылады және сумен шайылады.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Төсемді ағымдағы жөндеу дайындық және негізгі жұмыстан тұрады.
Дайындық жұмысы төсемді қарап-тексеру мен ақаулыққа жатқызуды, жөндеу түрін таңдауды, жөндеу материалын алдын ала әкелу мен жинап қоюды, қажетті құрал-сайман, машина және механизм жиынтығымен, механикаландыру құралдарымен және материалдармен қамтамасыз етуді қамтиды.
Негізгі жұмысқа төсемнің ақаулы учаскесін бөлу мен тазалау, төсемнің беткі қабатын дайындау, жөндеу құрамын дайындау, төсеу немесе төсеу, төселген материалды немесе өңделген беткі қабатты күтіп-қарау жатады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. К-1Д металл плитадан (бұдан әрі – плита) жасалған металл төсемді ағымдағы жөндеу 4-ші және 5-ші санаттағы тозған плитаны ауыстыруды және плита астындағы негізді қалпына келтіруді қамтиды. Тозу дәрежесі бойынша металл плита санаты осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес айқындалады. 3-ші және 4-ші санаттағы тозған плиталар жөнделуге тиіс. Жөнделген плитаны ТО, БЖ төсеміне қайта салуға және ҰҚЖ учаскесінің ені бойынша жиегіне пайдалану ұсынылады. Оны жолақтың 1/3 еніне тең ұшу-қону жолағының ортадағы учаскесінде пайдалануға жол берілмейді.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Металл төсемі бар әр әуеайлақта төсемнің жалпы ауданынан 3 % көлемінде плитаның резервтегі қорын ұстау қажет. Қордағы плита, жарты плита, шеттік ендірме, жапсырма, монтаждау құрал-сайман қалқа астында сақталады.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Жасанды ҰҚЖ-ның бойлық осі 30 м адыммен және ені 0,5 м үзік сызықпен таңбаланады.
Жасанды ҰҚЖ жиегі аяқталған жерінен 15 м аралықта және бастапқы сызбадан 3 м аспайтын симметриялы осьте орналасқан параллель тікбұрышты жолақпен таңбаланады. Жолақ ені және өзара аралық – 1,8 – 2 м, ұзындығы – 30 м, ал оске жақын екі жолақ арасындағы аралық – 3,6-4 м.
Жиектің цифрлық нөмірлік белгісі магниттік қону курсын білдіретін екі таңбалы саннан тұрады.
Жиек нөмірі осы Қағидаларға 15-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес жасанды ҰҚЖ бағытына байланысты айқындалады.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Ұшқыш әуе кемесін бұруды жүзеге асыратын тұрақта ерекше тазалық аймағын әрбір ауа сорғытқыш астында эллипс түрінде жасау қажет, оның шағын осі (әуе кемесінің қозғалысы бағытына перпендикуляр) – кемінде көрсетілген көлемде, ал үлкені – 1 – 2 м астам.";
85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"85. Биіктік шектеудің жарықтық қоршауы шектеу жарығымен, ал жеке жағдайда шектеу жарық маягымен жүзеге асырылады.
Қызыл түсті жарық тұрақты немесе бәсең, жарық маягы үшін – тек бәсең түсіріледі.";
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Жарықтық шектеу кедергінің ең жоғарғы бөлігінде (нүктесінде) және әрбір 45 м сайын төмен орнатылады. Аралық қабат арасындағы аралық бірдей болады. Түтін шығатын мұржада жоғарғы жарық мұржа шетінен 1,5 – 3 м төмен орналастырылады.
Әрбір қабаттағы шектеу жарығының саны мен орналасуы кез келген ұшу бағытынан (кез келген азимут бұрышынан) кемінде екі шектеу жарығы көрінетіндей болуға тиіс.
Биіктік шектеудің шартты шектеу жолағынан асатын құрылым олардың жолақтары қиысатын деңгейде аралас жарықпен қосымша жарықтық шектеу қойылады.
Бір уақытта қосылған екі жарық (негізгі және резервтегі) немесе бір-бірден негізгі жарық істен шыққан кезде шектеудің жоғарғы нүктесі резервтегі жарықты автоматты түрде іске қосатын құрылғы болған кезде орнатылады.
Шектеу үшін көлденең желі (антенна, электр беру желісі және басқа) түріндегі шектеу жарығы арасындағы аралыққа қарамастан діңгекке (тірекке) орнатылады.
Шектеу жарығы тәуліктің (күн батқаннан шыққанға дейін) қараңғы уақытта, сондай-ақ нашар және көріну төмен (тұман, түтін, қар жауу, жаңбыр) кезінде тәуліктің жарық уақыт кезеңінде қосылады.
Әуеайлақ ауданында шектеу жарығы автоматты түрде қосылады. Автоматты құрылғы істен шыққан жағдайда объектіні пайдалануға жауапты адамдар қолмен қосады.";
96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"96. Ауданы бойынша елеулі және 15 см астам тереңдігі (шұңқыр, сумен шайылған шұқыр, шөгу) бар ақаулы жер әкелінетін минералдық топырақпен, ал үстінен – сол жердегі қара топырақпен ішінара жабылады.";
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97. Тереңдігі 15 см астам емес ойылған жер дискілі тырмамен 5-10 см тереңдікке негізі алдын ала қопсытылғаннан кейін сол жердегі қара топырақпен жабылады. Ауданы бойынша үлкен емес ойықты жою кезінде топырақ қолмен салынады және тегістеледі, содан кейін жеңіл тығыздағышпен басылады.
Су толған ойық "табақша" түріндегі тегіс емес жерді жою кезінде алдымен оны судан тазарту қажет. Суланған топырақ алынады және құрғақ топырақ (ылғалдығы оңтайлы) салынады немесе оған ылғал сіңіретін қоспа (цемент, әк) салу арқылы кептіріледі.";
101-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"101. Жаңбыр және еріген судың жылдам ағып кетуі жергілікті бедердің тегістік емес жерін ойықты, ізді уақтылы жою, ұшу алаңының беткі қабатын мұқият тегістеу және жанынан жаңа су жинағыш жасау немесе қолда барын қалпына келтіру арқылы қамтамасыз етіледі.
Ұшу алаңының топырақ бөлігі судың ағып кетуін қамтамасыз етпейтін, еңісі төмен табиғи ойықта орналасқан кезде суланған учаскені судан механикалық тазарту бойынша қосымша шаралар қабылданады.
Көктемде таулы жыра қардан еріп кеткенге дейін 10 – 15 тәулік бұрын тазартылады.";
112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"112. Ұшу алаңындағы шым төсем мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) біркелкі және қалың шөптің және кемінде 12 см тереңдікке тамырдың тығыз өрімі болады;
2) шым шөп құрамы бойынша біркелкі болады;
3) үйкелуге шымыр және төзімді болады;
4) мүмкіндігінше ұшу алаңының барлық жұмыс алаңында топырақ құрылымы біркелкі және тығыз болады.";
116-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"116. Ұшу алаңының топырақты бөлігінде шөп өсуді тегістеу және қыста шіруін болдырмау мақсатында шөп ұдайы шабылады.
Шөп шабу мерзімі шөп биіктігі 25 – 30 см жеткен кезде тез өсуіне және жергілікті топырақ-климаттық жағдайға байланысты әрбір нақты жағдайда белгіленеді. Тамыры қалған шөп биіктігі 8 – 10 см шегінде болады.
Соңғы шөп шабу аяз түскенге дейін жас балауса (алшын көк) жеткілікті дамып және нығайып қатаюы үшін тұрақты суық ауа райы түскенге дейін (күздік егіс мерзімінен кешіктірмей) 3 – 4 апта бұрын жүргізіледі. Егер аяз түскен кезде шөп биіктігі 15 см астам болса, онда қосымша шабылады.";
117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"117. Шөп тракторлық орғышпен шабылады және шабылған жерде кептірілмей бірден ұшу алаңынан тыс шығарылады. Шабылған шөп тракторлық тырмауышпен бір ізбен 2 – 3 рет өтіп жиналады.";
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"125. Кеміргіштерге қарсы күрес іс-шаралары жүйелі жүргізіледі және жергілікті санитариялық қадағалау билік органымен келісіледі. Бұл ретте механикалық, химиялық және бактериологиялық тәсіл қолданылады.
Улы химикат қолданылған кезде техникалық қауіпсіздік қағидалар қатаң сақталады.";
127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"127. Шым отырғызудың өсіп-өну тәсілі кезінде тамыр-сабақты шөптің жеке түрі (далалық ақ шөп, қызыл бетеге) отырғызу және жетіспейтін шөп ұрығы отырғызылады.";
133-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"133. ССЖ жоспарлы қарап-тексеріледі: күзде – қысқа дайындалған кезде (аяз басталғанға дейін), көктемде – қар ерігенге кейін және жазғы уақытта – нөсер жауғаннан кейін.
Жоспардан тыс қарап-тексеру жауын-шашыннан кейін жүргізіледі.
Барлық ойылмаған (ашық) элементтер мен жүйедегі құрылыс, сондай-ақ тереңдетілген элементтер мен құрылыс топырағы мен төсемнің беткі қабаты қарап-тексерілуге тиіс.
Көктемде қарап-тексеру және тазарту үшін барлық қарап-тексерілетін құдық, оның ішінде ойылған қақпағы барлар ашылады.";
136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"136. Ұшу алаңын қысқы пайдалануға дайындау кезінде мынадай жұмыс түрі жүргізіледі:
1) жасанды әуеайлақ төсемі, ұшу алаңының топырақ бөлігі уақтылы жөнделеді;
2) әуеайлақ төсемін таңбалау қалпына келтіріледі, күндізгі бағдар жаңартылады;
3) шөп шабылады, жөндеу жұмысы жүргізіледі, ҰҚЖ-ның негізгі және қосалқы беткі қабаты тығыздалады;
4) ССЖ жөнделеді, тазартылады және жылытылады, су жинау және сарқын су құдығы арнайы қақпақпен жабылады;
5) сарқын су, жаңбыр суы жиналатын, тексеру құдығы және басты коллектор ғимараты тұрған жер белгіленеді;
6) қардан қорғау бөгеті орнатылады;
7) әуеайлақ ғимаратын қысқы кезеңде күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу үшін қажетті құрылыс материалы дайындалады.";
137-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"137. Жүргізушілер мен әуеайлақ-пайдалану техникасын қысқа дайындау кезінде мынадай шаралар жүргізіледі:
1) әуеайлақ-пайдалану бөлімшесін жүргізуші құраммен жасақтау және екі ауысымдық жұмыспен қамтамасыз ету есебінен жеке құрамды даярлау;
2) жеке құрамды техникада жұмыс істеу қағидаларына және тиімді қолдану тәсіліне, қызмет көрсету мен жөндеу қағидаларына, техника қауіпсіздігіне және өрт қауіпсіздігіне үйрету;
3) техниканы қысқы пайдалану кезеңіне дайындауды және ауыстыруды жүзеге асыру, техниканы құрал-сайманмен, өртке қарсы мүкәммалмен жабдықтау;
4) парктік үй-жайды (қойма, май құю пункті, су-май жылытқыш) қысқы пайдалануға дайындау;
5) жасанды және топырақты ҰҚЖ тазартуға тартылған жүргізуші құрамның демалу бөлмесін жабдықтау;
6) щетка жабдығы бар машинаға щетка қорын дайындау және ұстау;
7) машина қозғалтқышын орталықтандырылған іске қосу жүйесін жабдықтау;
8) жазғы уақытта пайдаланылатын техника мен механизмді консервациялау жұмысын орындау.";
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"138. Қыста әуеайлақтың ұшу алаңын күтіп-ұстаудың екі тәсілі қолданылады:
ұшу алаңы элементінің беткі қабатын қардан тазарту;
әуе кемесін қамтамасыз етуге байланысты ұшу алаңының элементінде қарды тығыздау.";
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"153. Қарды жинау жерін таңдаған кезде жергілікті жер бедерін, ҰҚЖ-ны, БЖ мен ТО-ны орналастыру ескерілуге тиіс. Қар еріген кезеңде су басу қатерін тудыратын ҰҚЖ-ға шектес үлкен көлденең еңіс болған кезде қар тек төменгі жағына жиналады.";
154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"154. Жарық-сигналдық құралмен жабдықталған ҰҚЖ-ны қардан тазартқан кезде:
1) қондыру жарығы орнатылған жерді жақсы көрінетін бағдармен белгілеу;
2) қондыру жарығы маңайын диаметрі 3-4 м қардан тазарту;
3) ҰҚЖ тасымалданатын жарықпен жабдықталған кезде кабельдің сақталуына ерекше назар аудару қажет.
Қондыру жарығы тұрған жерді белгілеу кезінде бағдар ретінде негіз диаметрі 50 см және биіктігі кемінде 40 см қызыл немесе қара түске боялған конусты немесе сабының биіктігі 0,5 м қара түсті жалаушаны немесе қылқан жапырақ бұтағын орнатуға жол беріледі.
Түнгі жағдайда қар тазарту жұмысын жеңілдету үшін қондыру жарығы жүйесі қосылуға тиіс.
Жарық-сигналдық қондырғыны және қондыру жарығын қардан тазарту жұмысын ұйымдастыру байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің жеке құрамына тапсырылады.";
160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"160. Қар жамылғысының қатты қабаты негізінен оның тығыздығы мен температурасына байланысты қардың dсн қаттылығымен сипатталады. Қар қаттылығының мөлшері көп болған сайын тығыздығы температурасына тәуелділігі осы Қағидаларға 32-қосымшада көрсетілген.
Қарды қатпарлау әдісімен әуеайлақты күтіп-ұстау кезінде негізгі міндет текше сантиметрге кемінде 0,6 грамм (бұдан әрі – г/см3) төсемдегі қардың мүмкіндігінше барынша тығыздыққа қол жеткізу болып табылады.";
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"162. Қар пневматикалық шинадағы тегістегішпен тығыздалады. Тегістегіш қозғалысы эллипстік схема (осьтен шетіне қарай) бойынша ұйымдастырылады. Тегістегіштің аралас ізін жабу – кемінде 20 см.
Жаңа жауған қар жамылғысының қалыңдығы 10 см астам болған кезде жеңіл тегістегіш қолданылады. Жаңа жауған қар қалыңдығы қалың болған кезде алдымен аралық қысымы шаршы сантиметрге 0,5 – 1 килограмм-күш (бұдан әрі – кгк/см2) дейін тегістегішпен тапталады, содан кейін массасы орташа тегістегішпен тығыздалады.
Тың қар қалыңдығы 20 см астам болған кезде, сондай-ақ беткі қабатында мұз қатқан қарды тығыздау алдында дискілі немесе тісті тырнауышпен босатылады және тегістегішпен тығыздалады. Барлық осы жұмыс ауа температурасы кемінде минус 5°С болған кезде орындалады.";
163-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"163. Қарды өңдеу (босату, қабаттау, тығыздау) бойынша жеке операциялар, сондай-ақ тегістегіштің кезекті жүріп өтуі арасындағы уақыт аралығы ең аз және 30 минуттан аспайды. Осы аралық жұмыс кезеңіндегі ауа температурасы төмен болған сайын аз болуға тиіс.";
164-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"164. Тегістегіш бір ізбен 4 – 7 рет жүріп өтеді. Шинадағы ауа қысымын орталықтандырып реттеу жүйесі бар тегістегіш қолданылған кезде қысым мөлшерін тегістегіш алғаш жүріп өткеннен соңғы жүріп өткенге дейін барынша біртіндеп өзгерту қажет.";
165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"165. Қар төсемі беткі қабатының тегіс болуын қамтамасыз ету үшін қарды тығыздау жоспарлау жұмысымен міндетті түрде үйлестіріп жүргізіледі. Тегістегіштің жүріп өтуі мен жоспарлау құралын (автогрейдерді) кезектестіру қажет.";
167-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"167. Көктем алдындағы кезеңде қысқа жасалған қар жамылғысы қалыңдығы автогрейдермен қарды шамалы қабатқа кесумен азайтылады және кейіннен роторлық қар тазалағышпен жолақ-шектесуден тыс шығарылады. Қардың қарқынды еруі алдында қар төсемінің қалыңдығы 10 см аспайды. Төсемнен еріген қар суын ағызу және еріп кетуін болдырмау үшін қарда су ағызудың еңіс арығы жасалады.";
173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"173. Әуеайлақтық төсемде мынадай профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі:
1) жасанды төсем беткі қабатына дейін қардан тазартылады;
2) жылы температурада түскен қар тазартылады;
3) жасанды төсемнен жауын-шашын уақытында судан тазартылады;
4) жасанды төсемге жылыған кезеңде еріген судың ағуына жол берілмейді, тұрақты немесе уақытша су ағызатын жер арқылы ағызылады.";
179-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"179. Қабылданған Тазарту схемасына қарамастан, жылу машинасының қозғалысы уақытында айналып кетуді болдырмау үшін барлық дөңгелек мұздан тазартылған төсемде болуын қадағалайды.";
189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"189. Әуеайлақ ішіндегі жолды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу жұмысы үздіксіз қауіпсіз көлік қозғалысын және жол мен жол құрылымын сақтауды қамтамасыз етеді. Құрамына кіретін барлық элементімен (көпір, құбыр, көгал, қардан қорғайтын және жол қоршау және жол белгісі) бірге кірмежолды жөндеу мен күтіп-ұстау үшін ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне бағынысты жол-пайдалану учаскесіне бекітіліп беріледі.";
190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"190. Әуеайлақтағы автомобиль жолын күтіп-ұстауға тазалықты ұстау, қардан тазарту, тайғанақтықты жою, төсемін, жер қабатын, бұру жолағын, жол құрылысын, жүріс бөлігін таңбалау және жол белгісін күтіп-ұстау жұмысы кіреді. Бұл жұмыс көлік қозғалысын тоқтатпай орындалады.";
204-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"204. Әуеайлақ-пайдалану техникасы конструкциясының сипаттамасын, техникалық қызмет көрсету тәртібі мен кезеңділік ерекшелігін, сондай-ақ пайдалану қағидаларын әрбір машинаға немесе механизмге қоса берілетін тиісті нұсқаулықтарға және нұсқауға сәйкес жүргізу қажет.
Әуеайлақты күтіп-ұстау және жөндеу үшін шағын механикаландыру құралының және әуеайлақ-пайдалану техникасының қажетті саны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 518 қбпү бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің әскери техникасы мен жабдығының заттай нормаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12291 болып тіркелген) айқындалады.
Мемлекеттік авиация, мемлекеттік авиацияны бақылау органы және мемлекеттік авиация жедел-тактикалық бақылау органының әрекетін бақылау және қадағалау органының және әскери бөлімнің лауазымды адамдары ведомстволық бағыныстағы бөлімшенің әуеайлақты пайдалану жабдығын осы Қағидаларға 42-қосымшаға сәйкес бақылап тексереді.
Мемлекеттік авиация басқару органы, мемлекеттік авиация жедел-тактикалық бақылау органы және әскери бөлім лауазымды адамдары ведомстволық бағыныстағы бөлімшенің өлшеу жабдығын айына бір реттен сиретпей (әрбір өлшеу құралының кемінде 30 %-ы) бақылап тексереді.";
211-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"211. Әуеайлақта қардан тазарту үшін автомобильге немесе арнайы дөңгелекті шассиге оратылған шнекті-роторлық, фрезерлі-роторлық, соқалы-щеткалы қартазалағыш қолданылады:
1) шнекті-роторлық және фрезерлі-роторлық қартазалағыш әуеайлақ ұшу алаңының барлық элементін, кірмежолды және әуеайлақтық ішкі жолды қардан тазарту, сондай-ақ алдын ала үйілген қарды соқалы қартазалағышпен лақтыру және көлік құралына (автосамосвал, арнайы жабдықталған жүк автомобилі) тиеу үшін қолданылады;
2) соқалы қартазалағыш әуеайлақ ұшу алаңының барлық элементін, кірмежолды және әуеайлақтық ішкі жолды патрульдік қардан тазарту, сондай-ақ роторлық қартазалағышпен бірге жұмыс істегенде қарды үю үшін қолданылады. Соқалы-щеткалы қартазалағыш автомобильге және тракторға монтаждап орнатылады. Шынжыр табанды тракторлы соқалы-щеткалы қартазалағыш жасанды әуеайлақ төсемге тек шынжыр табанның жүріс бөлігіне арнайы резеңкелі жапсырмамен жабдықталған кезде жол беріледі.";
220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"220. Дәнекерлеу агрегаты мен газ-кескіш темір-бетон төсем мен құрылымды жөндеу кезінде арматураны дәнекерлеу және кесу және ағымды жөндеу жұмысының әртүрлі операция түрі үшін қолданылады.";
233-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"233. Кейінгі жұмыс жасырын болатын ұшу алаңының құрылымындағы және әуеайлақтың ішкі жолындағы жұмыс кезінде жасырын жұмысты куәландыру актісі жасалады.
Жұмысты қабылдау аға авиациялық бастық тағайындайтын комиссия орындалу шамасына қарай жүргізеді. Бұл ретте жұмсалған материалды есептен шығару және жылдық ағымдағы жөндеу жоспарының орындалғаны туралы есеп беру үшін негіз болып табылатын орындалған жұмыс актісі жасалады.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 42-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік органдарға, мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
Шартты шифр_____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(әуеайлақ кімнің қарамағында, сол әскери бөлімнің атауы)
__________________________________________________________________________
(жақын орналасқан
__________________________________________________________________________
орналасқан елді мекенге қатысты бағдар)
_________________________________________________________________
әуеайлағына (әуеайлақ атауы)
ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТЫ
Әуеайлақ сыныбы___________________
20___ж. "___ "__________ жасалды.
__________________________________________________________________________
(жер бөлінгені туралы шешім нөмірі мен күні, алаң гектармен, кім бекітті)
20_____ж._____________ тексерілді.
20_____ж._____________ тексерілді.
20_____ж._____________ тексерілді.
Жасағандар:
__________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)
__________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)
__________________________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)
Әуеайлақтың техникалық паспорты ______ данада жасалды.
1. Әуеайлақтың жалпы сипаттамасы
Пайдалану үшін жарамды (әуе кемесінің түрі мен жіктеме саны) | |
Жол-климаттық аймақ нөмірі |
2. Әуеайлақ элементі
1) ұшу алаңы
Ұшу алаңының жалпы көлемі (ұшу жолағын, басқару жолағы, әуе кемесінің тұрақ орны мен техникалық дайындау бекінісі, ауданы) (га) | |
Ұшу жолағы мен элементтерінің көлемі (ұшу-қону жолағы, соңғы және бүйірдегі қауіпсіздік жолағы), ауданы (га) | |
Өлшемге дейін кеңейту мүмкіндігі | |
Еңіс мөлшері (%), ұзындығы (м), бағыты | |
Жерасты суының тереңдігі | |
Ұшу алаңын пайдалануға тапсырған және әуеайлақты салған кездегі мердігер жұмысын ұйымдастырған күн | |
Қабылдау комиссиясының құрамы | |
Ұшу алаңын пайдалануға қабылдаған комиссия қорытындысы (әуе кемесінің түрі мен қажетті шектеу көрсетіледі) |
2) топырақты ұшу-қону жолағы (ТҰҚЖ)
ТҰҚЖ жалпы көлемі (ұзындығы, ені), м | |
ТҰҚЖ-да әртүрлі топырақ түрі, қолайлы ылғалдылығы мен барынша стандартты тығыздығы, беріктігі бойынша тобы | |
Берілген түрдегі әуе кемесінің оналасуын қамтамасыз ету үшін талап етілетін ТҰҚЖ топырағы беріктігінің көрсеткіші | |
Ұсыным берілетін шымдалу үшін шөп қоспасының құрамы, себу нормасы | |
ТҰҚЖ алаңында 400 см2 шыққан өсімдік көлемі | |
Топырақ қышқылдығы көрсеткіші. Ұсынылатын тыңайтқыш пен қосу нормасы |
3) төсемі жасанды ұшу-қону жолағы (ЖҰҚЖ)
ЖҰҚЖ саны (дана), бағыты, көлемі, м | |
ҰҚЖ-ның орташа бойлық еңістігі | |
Төсемтүрі мен қалыңдығы (құрылғы схемасы), см | |
Негіз материалы мен қалыңдығы, см | |
Жыл маусымы бойынша төсемнің негізгі қабілеті(PCN) |
4) төсемі жасанды басқару жолы
Жалпы ұзындығы мен ені, м | |
Төсем түрі мен қалыңдығы (құрылғы схемасы), см | |
Төсем түрі бойынша ұзындығы мен ені (құрылғы схемасы), см | |
Негіз материалы мен қалыңдығы, см |
5) төсемі жасанды тұрақ орны
Тұрақ орнының саны (дана) мен көлемі (м) | |
Түрі бойынша тұрақ орны төсемінің түрі мен қалыңдығы және саны (құрылғы схемасы), см | |
Негіз материалы мен қалыңдығы, см | |
Жабдық; | |
әуе кемесіне газ құю алаңы; | |
электрқосқыш; | |
орталықтандырылған отын құю |
6) су бұру және дренаж желісі
Жабық желінің ұзындығы (м) мен құбыр диаметрі (мм): | |
коллектор | |
жинағыш | |
құдықтан қайта құю | |
құрғатқыш | |
қамба кәрізі | |
Ашық ор ұзындығы мен тереңдігі, м | |
Құдық саны мен диаметрі, см: | |
байқаушы | |
жаңбыр суын қабылдағыш | |
еріген су |
7) кірмежол және әуеайлақтық ішкі жол
Автожол ұзындығы мен ені, м | |
Учаске бойынша автожол төсемінің түрі | |
Көпір саны мен (диаметр) өткел (құбыр) | |
Теміржол тармағының болуы және ұзандығы |
8) әуеайлақ жеке элементінің тән ерекшелігі мен ақауы
__________________________________________________________________________
Әуеайлақ ұшу алаңының элементін жөндеу немесе реконструкциялау туралы мәлімет
Р/с № | Жөнделген күн | Ағымдағы жөндеу немесе реконструкциялау сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | Кім жөндеді | Жөндеуге мың теңге жұмсалды | Пайдалануға қабылданғаны туралы актінің күні мен № |
3. Тех. паспортты өткізгені және қабылдағаны туралы белгі
Тех. паспортты өткізушінің лауазымы мен атағы | Тех. паспортты қабылдаушының лауазымы мен атағы |
4. Формулярға қосымша:
1) әуеайлақ төсемінің жоспары;
2) әуеайлақтағы су бұру мен дренаждық жүйе жоспары.
Көрсетілген құжаттар белгіленген тәртіппен құпия іс жүргізуде сақталады.
Ескертпе:
Әуеайлақтың техникалық паспортын толтыру мен жүргізу бойынша нұсқау:
1. Әуеайлақтың техникалық паспортын лауазымдық міндеттеріне сәйкес уәкілетті лауазымды адамның бұйрығымен тағайындалған комиссия жаңадан салынған әуеайлақты пайдалануға қабылдау кезінде 2 данада толтырады. Әуеайлақты реконструкциялағаннан кейін тиісті өзгерістер енгізеді. Бір данасы – авиациялық бөлімде мерзімсіз, екіншісі – ҚР ҚК ӘҚК-да сақталады. Әуеайлақтың техникалық паспортты ҚР ҰҚК АҚ-да: бір данасын авиациялық бөлімшеде мерзімсіз, екінші данасын ҚР ҰҚК АҚ әскери және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында сақтау жүзеге асырылады.
2. Әуеайлақтың алғашқы техникалық паспортын немесе әуеайлақты есепке алу карточкасын жаңасына ауыстырып жоюға тыйым салынады (ол ескірген кезде орнына көшірмесі жасалады). Әуеайлақ техникалық паспортының тармақтарына толықтыру енгізу үшін жеке параққа қосымша парақ қосылады.
3. Авиациялық бөлім әуеайлақтан кеткен кезде әуеайлақтың техникалық паспорты келген бөлімнің командиріне беріледі, ол туралы осы бөлімнің командирлері қолтаңбасын қоятын "Әуеайлақтың техникалық паспортын қабылдау және тапсыру туралы белгі" деген бөлімде тиісті жазба жасалады және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
Жаңа келетін бөлім болмаған кезде әуеайлақтың техникалық паспорты жоғары штабқа жіберіледі.
4. "Әуеайлақтың жалпы сипаты" деген бөлімде әуеайлақ жол-климаттық аймағының нөмірі құрылыс нормалары және қағидаларына (ҚН және ҚҚ) сәйкес қабылданады.
5. Әуеайлақ жеке элементтерінің жай-күйі: жақсы, қанағаттанарлық және қанағаттанарлықсыз деп бағаланады. Жөндеу талап етілмейтін әуеайлақ пен құрылыс – жақсы, күрделі жөндеу талап етілетін – қанағаттанарлықсыз деп саналады.
6. "Әуеайлақ құрылысын пайдалануға қабылдаған комиссия қорытындысы" деген бағанға қабылдау актісінде көрсетілген ақаулық пен аяқталмаған жұмыс міндетті түрде енгізіледі. Ақаулық пен аяқталмаған жұмыс реттелген кезде "Жөндеу немесе реконструкциялау туралы мәлімет" деген кестеге тиісті жазба жасалады.
7. Құрылыстың алғашқы құны туралы мәлімет болмаған кезде әуеайлақтың техникалық паспорты толтырылған жыл бойынша бағалау құны көрсетіледі.
8. "Жөндеу немесе реконструкциялау туралы мәлімет" деген кестеге тек осы әуеайлақта жүргізілген күрделі жөндеу, реконструкциялау, кеңейту енгізіледі. Осы кестеде ағымдағы жөндеу көрсетілмейді.
Негізгі жұмыс түрі көрсетілген жұмысты қабылдаушының және тапсырушының қолтаңбасымен және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.
9. "Әуеайлақтың тән сипаттамасы және жеке элементінің ақаулығы" деген бөлімде жылдың жеке кезеңінде пайдалануға жарамдылығына ықпал ететін әуеайлақтың ерекшелігі туралы мәліметтер енгізіледі. Мысалы; ұшу-қону жолағын көктемде лайсаң кезеңде су басады және ұшу алаңының учаскесін батпақ басады, әуеайлаққа жақын жерде кернеуі жоғары желі өтеді, ұшу бағытында биіктік шектеуі орналасқан, мұз қату линзасы бар.
10. "Төсемі жасанды ұшу-қону жолағы" деген бөлімге сонымен қатар металл плитадан жасанды төсем енгізіледі.
11. Ұшу-қону жолағының орташа еңісі ұшу-қону жолағының осі бойынша төсемнің өте көп және өте аз белгісінің айырмасын ұшу-қону жолағының ұзындығына (бірақ осы нүкте аралығына емес) қатынасты есептеледі.
12. Жер пайдаланушыны көрсетіп, жер бөлу жоспары бөлек ұсынылады.
13. Әуеайлақ төсемінің жоспары 1:2000 масштабында жасалады. Жоспарға электр кабель мен байланыс кабеліне, жеке кабель мен құбырға арналған төсемнің суағар коллекторы бар қиылысқан жер енгізіледі. Құрылымы әртүрлі әуеайлақ жабыны мен төсем қалыңдығы әртүрлі учаскесі белгіленеді. Төсем экспликациясында көлденең үлгілік бейінге сабақтастырылған әуеайлақ жабынының барлық құрылымы қабаты келтірілген. Жалпы алаңы мен учаске бойынша көрсетіледі.
14. Көлденең бейінді құрылым ұшу-қону жолағының, басқару жолағының, тұрақ орны мен арнайы алаңның жабыны түріне тән барлық әуеайлақ жабыны түріне 1:50 масштабында жасалады.
15. Әуеайлақтың су бұру және дренаждық жүйесінің жоспары, инженерлік желі жоспары 1:2000 масштабында жасалады, оған құрылыс желісі мен көлемінің экспликациясы қоса беріледі.
Төсем беткі қабатының фрикциондық қасиетін айқындау
Әуе кемесі пневматигінің төсеммен ілінісу коэффициентін айқындау деселерометр немесе автомобильдің тежегіш жолы ұзындығы бойынша жүргізіледі. Өлшеу ұшу-қону жолағының әрбір үшінші ұзындығында осінен 5 – 10 м аралықта жүргізіледі. Әрбір учаскедегі өлшеу саны – кемінде үшеу.
Моделі 1155-М деселерометрі (1-сурет) автомобтль тежеген кезде туындайтын инерциялық күш әрекетіне негізделген. Деселерометр автомобильдің алдыңғы және жанындағы әйнегіне жабыстырғыш көмегімен бекітіледі.
1-сурет. Деселерометр:
1- маятник осі; 2 - жабыстырғыш; 3 – бағанды бекіту бұраны; 4 – корпусты бекіту бұраны; 5 – қайтару сабы; 6 – белгілеу тілі; 7 – бақылау ізікшесі
Ілініс коэффициентін айқындау алдында пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес автомобиль тежегішінің реттелгені тексерілсін.
Деселерометр көмегімен өлшеу былай орындалады: автомобиль 40 сағ/км дейін жылдамдық алып, жүргізуші аяқ тежегішін 1-2 с қалыпты және жылдам аяғына дейін басады. Бұл ретте аспап маятнигі белгілеу тілімен бірге қозғалыс бағытына ауытқиды, содан кейін шәкіл бойынша тілдің белгілеген барынша ауытқуын есептейді. Осылай алынған теріс ауытқу, бірақ 10 есе азайтылған, ілініс коэффициентінің мәніне сәйкес.
Арнайы аспап пен динамометрлік арба болмағанд кезде ілініс коэффициенті тежегіш ақаусыз және жақсы реттелген, массасы 6000 кг құрама су шашқыш машинасы тежеу жолының ұзындығы бойынша айқындалады.
Зерттелетін учаскеде автомобиль анықтап белгіленген 20-50 сағ/км (VHT) жылдамдықпен түзу сызықпен және біркелкі қозғалуға тиіс. Тежеу дөңгелекті (юзаны) толық тоқтатқанға дейін жүзеге асырылады.
Қозғалыс жылдамдығы 20, 30, 40 және 50 сағ/км үшін ілініс коэффициентінің тежеу жолының ұзындығына тәуелділігі 2-суретте келтірілген.
2-сурет. Ілініс коэффициентінің қозғалыс жылдамдығы әртүрлі құрама су шашқыш машинаның тежеу жолының ұзындығына тәуелділігі
Егер ілініс коэффициенті 0,3-тен төмен болса, онда төсемнің беткі қабаты бойынша сырғуды төмендету (қар, мұз, су сыпырумен, жылу машинасымен және басқа тәсілмен тазартылады) бойынша шаралар қабылданады, содан кейін қайтадан бақылап өлшенеді.
Әуе кемесі пневматигінің төсеммен ілінісу коэффицентінің орташа мәні 1-кестеде келтірілген.
1-кесте |
Әуе кемесі шасси дөңгелегі пневматигінің жолақ төсемінің жай-күйі мен түріне байланысты ұшу-қону жолағының бекі қабатымен ілінісу коэффициентінің мәні
Төсем жай-күйі мен түрі | Ілінісу коэффициентінің мәні |
Құрғақ цемент-бетоны |
0,6-0,8 |
Әуеайлақ-пайдалану жабдығының ұшуға әзірлігін қарап-тексеру және бақылау нормалары
Тексеруші | Қарап-тексеру нормасы (қарап-тексеру түрі) |
Мемлекеттік авиация қызметін бақылау және қадағалау органы, мемлекеттік авиацияны басқару органы мемлекеттік авиацияны жедел-тактикалық басқару органы | айына бір реттен сиретпей (бір авиациялық бөлімді жерүсті қамтамасыз ету және жалпы қолдану құралының кемінде 3 %-ы) |
батальон командирі | үш айда бір реттен сиретпей (бір авиациялық бөлімді жерүсті қамтамасыз ету және жалпы қолдану құралының кемінде 20 %-ы) |
инженерлік-әуеайлақ қызметінің бастығы | айына бір реттен сиретпей (бір авиациялық бөлімді жерүсті қамтамасыз ету және жалпы қолдану құралының кемінде 30 %-ы ) |
рота командирі | айына бір реттен сиретпей (бір авиациялық бөлімді жерүсті қамтамасыз ету және жалпы қолдану құралының кемінде 50 %-ы) |
рота командирінің орынбасары | айына бір реттен сиретпей (ротаның барлық жерүсті қамтамасыз ету және жалпы қолдану құралы) |
взвод командирі | екі аптада бір реттен сиретпей (взводтың барлық жерүсті қамтамасыз ету және жалпы қолдану құралы) |