"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Елтоқ ауылдық округінің Елтоқ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақмола облысы Аршалы ауданы Елтоқ ауылдық округінің Елтоқ ауылындағы "Комсомольская" көшесі "Жастар" көшесі, "Центральная" көшесі "Орталық" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Т.Кыдырбаева |