Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласының кейбір құрамдас бөліктері қайта аталсын:
1) Мичурин көшесін Ахмет Жұбанов көшесіне;
2) Новостройки көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;
3) Полевая көшесін Алаш көшесіне;
4) Пристанционная көшесін Жібек жолы көшесіне;
5) Проектная көшесін Ілияс Есенберлин көшесіне;
6) Чапаев көшесін Қасым хан көшесіне;
7) Чкалов көшесін Төле би көшесіне;
8) Энгельс көшесін Құлагер көшесіне;
9) Автомобильная көшесін Біржан сал көшесіне;
10) Герцен көшесін Тұрар Рысқұлов көшесіне;
11) Киров көшесін Ғабит Мүсірепов көшесіне;
12) Парковая көшесін Ақан сері көшесіне;
13) Транспортная көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне;
14) Школьная көшесін Азаттық көшесіне;
15) Калинин көшесін Шәкәрім көшесіне;
16) Кооперативная көшесін Желтоқсан көшесіне;
17) Молодежная көшесін Нұрғиса Тілендиев көшесіне;
18) Попов көшесін Ілияс Жансүгіров көшесіне;
19) Пугачев көшесін Мағжан Жұмабаев көшесіне;
20) Свердлов көшесін Қабанбай батыр көшесіне;
21) Громов көшесін Қажымұқан көшесіне;
22) Островский көшесін Бейбарыс сұлтан көшесіне;
23) Тельман көшесін Керей хан көшесіне;
24) Куйбышев көшесін Жұмабек Тәшенев көшесіне;
25) 1 тұйық Дорстроя көшесін Балуан Шолақ 1 тұйық көшесіне;
26) 2 тұйық Дорстроя көшесін Балуан Шолақ 2 тұйық көшесіне;
27) 3 тұйық Дорстроя көшесін Балуан Шолақ 3 тұйық көшесіне;
28) 1 тұйық Станционная көшесін Михаил Яглинский 1 тұйық көшесіне;
29) 2 тұйық Станционная көшесін Михаил Яглинский 2 тұйық көшесіне;
30) 2 Станционная көшесін 2 Темір жол көшесіне.
2. Осы бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің қаулысы және Бұланды аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұланды ауданының әкімі | А.Смайылов |
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Н.Сексенов |