Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес Мәдениет ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Мәдениет ауылында орналасқан "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жер учаскелерін алып қоймай, 10 жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету үшін жалпы ауданы 0,0640 га қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желілері мен телефон кәріздерін төсеу және оларға қызмет көрсету мақсатында жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А.Кәрімжанов |