"2024 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 86 қаулысының күшін жою туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 13 маусымдағы № 155 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37 - баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 65 - баптарына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2024 жылға арналған тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 86 қаулысының күші жойылсын.

      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

Об отмене постановления акимата Актюбинской области от 11 апреля 2024 года № 86 "Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений (за исключением органических) и норм субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, приобретенных у продавца удобрений на 2024 год"

Постановление акимата Актюбинской области от 13 июня 2024 года № 155

      В соответствии со статьями 27, 37 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 27, 65 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Отменить постановление акимата Актюбинской области от 11 апреля 2024 года № 86 "Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений (за исключением органических) и норм субсидий на 1 тонну (литр, килограмм) удобрений, приобретенных у продавца удобрений на 2024 год".

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства и земельных отношений Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить направление настоящего постановления на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Актюбинской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области А. Шахаров