Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 162 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
төрағасы
Г. СҮЙІНТАЕВА

Об установлении стимулирующих надбавок к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Информационно-аналитический центр "Ансар" государственного учреждения "Управление по делам религий Актюбинской области", финансируемых из местного бюджета

Решение Актюбинского областного маслихата от 25 сентября 2024 года № 162

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и подпунктом 3) пункта 5 постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить стимулирующие надбавки к должностным окладам работников коммунального государственного учреждения "Информационно-аналитический центр "Ансар" государственного учреждения "Управление по делам религий Актюбинской области", финансируемых из местного бюджета в размере ста процентов, в порядке и условиях определяемым местным исполнительным органом Актюбинской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель областного
маслихата
Г. СУЕНТАЕВА