"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 8-3) тармақшасына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | А. Шахаров |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 191 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мамандық коды | Мамандық атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі |
01 Білім | |||
1 | 01120100 | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту | 200 |
2 | 01140100 | Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі | 400 |
3 | 01140200 | Музыкалық білім беру | 50 |
4 | 01140500 | Дене тәрбиесі және спорт | 250 |
5 | 01140600 | Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | 75 |
6 | 01140700 | Информатика | 100 |
02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар | |||
7 | 02110300 | Графикалық және мультимедиялық дизайн | 25 |
8 | 02110500 | Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы | 50 |
9 | 02120100 | Интерьер дизайны | 50 |
10 | 02120200 | Киім дизайны | 25 |
11 | 02150100 | Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) | 38 |
12 | 02150200 | Музыка теориясы | 2 |
13 | 02150300 | Вокалдық өнер | 13 |
14 | 02150400 | Хорды дирижерлау | 6 |
15 | 02150500 | Актерлік өнер | 50 |
16 | 02150900 | Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша) | 4 |
17 | 02151000 | Халықтық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша) | 16 |
18 | 02210100 | Исламтану | 100 |
19 | 02310100 | Аударма ісі (түрлері бойынша) | 50 |
03 Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат | |||
20 | 03220100 | Кітапхана ісі | 25 |
04 Кәсіпкерлік, басқару және құқық | |||
21 | 04110100 | Есеп және аудит | 210 |
22 | 04120200 | Бағалау (түрлері бойынша) | 75 |
23 | 04130100 | Менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша) | 100 |
24 | 04140100 | Маркетинг (салалар бойынша) | 25 |
06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | |||
25 | 06120100 | Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) | 95 |
26 | 06130100 | Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) | 420 |
07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары | |||
27 | 07110400 | Зертханалық технология | 40 |
28 | 07110500 | Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы | 75 |
29 | 07130100 | Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) | 175 |
30 | 07130200 | Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) | 125 |
31 | 07130700 | Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша) | 295 |
32 | 07140100 | Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша) | 250 |
33 | 07140300 | Мехатроника | 25 |
34 | 07140500 | Сандық техника (түрлері бойынша) | 25 |
35 | 07140700 | Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару | 100 |
36 | 07140900 | Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар | 50 |
37 | 07150100 | Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) | 50 |
38 | 07150300 | Токарлық іс (түрлері бойынша) | 25 |
39 | 07150500 | Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) | 255 |
40 | 07150900 | Тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану мен монтаждау | 25 |
41 | 07151000 | Полиграфиялық өндіріс жабдықтарын пайдалану және жөндеу | 25 |
42 | 07151100 | Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету (өнеркәсіп салалары бойынша) | 25 |
43 | 07160400 | Темір жол көлігінің көтергіш-көлік, құрылыс-жол машиналары мен механизмдерін техникалық пайдалану | 25 |
44 | 07160500 | Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 190 |
45 | 07160600 | Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету | 50 |
46 | 07161300 | Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану | 300 |
47 | 07161600 | Ауыл шаруашылығын механикаландыру | 190 |
48 | 07210300 | Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі | 25 |
49 | 07211300 | Тағам өндірісінің технологиясы | 75 |
50 | 07230100 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 165 |
51 | 07240100 | Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу | 25 |
52 | 07240300 | Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық қазу | 25 |
53 | 07240500 | Пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту) | 25 |
54 | 07240900 | Мұнай және газ кен орындарын пайдалану | 100 |
55 | 07310100 | Архитектура | 50 |
56 | 07310200 | Геодезия және картография | 50 |
57 | 07310300 | Жерге орналастыру | 25 |
58 | 07310500 | Ландшафтық дизайн | 25 |
59 | 07320100 | Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 180 |
60 | 07320700 | Автомобиль жолдарымен аэродромдар құрылысы және пайдалану | 50 |
61 | 07320800 | Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы | 25 |
62 | 07321000 | Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша) | 15 |
63 | 07321100 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану | 25 |
64 | 07321200 | Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану | 80 |
65 | 07880100 | Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) | 25 |
08 Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария | |||
66 | 08110100 | Агрономия | 25 |
67 | 08110500 | Зоотехния | 25 |
68 | 08410100 | Ветеринария | 140 |
09 Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету | |||
69 | 09120100 | Емдеу ісі | 175 |
70 | 09130100 | Мейіргер ісі | 450 |
71 | 09130100 | Мейіргер ісі (ерекше білім беруге қажеттілігі бар студенттерге арналған арнайы бағдарлама бойынша) | 5 |
72 | 09130200 | Акушерлік іс | 50 |
73 | 09140100 | Лабораториялық диагностика | 25 |
74 | 09160100 | Фармация | 50 |
75 | 09110100 | Стоматология | 25 |
10 Қызметтер | |||
76 | 10120100 | Шаштараз өнері | 50 |
77 | 10130300 | Тамақтандыруды ұйымдастыру | 525 |
78 | 10410200 | Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 100 |
79 | 10410300 | Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару | 50 |
Облыс бойынша барлығы | 7 459 |