Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Алға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 255 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" қаулысы;
2) Алға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 256 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидалары туралы" қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Ержанов |