"KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жер учаскесіне жария сервитутын белгілеу туралы" Алға ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 238 қаулысының күшін жою туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 125 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ Жер Кодексінің 14-1 бабының 3 тармағын, және 81-бабының 3-тармағындағы 2-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып, "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хаты негізінде, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KMG Barlau" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Алға ауданы аумағынан жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймастан, жалпы көлемі: 192 756 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы Алға ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 238 қаулысының күші жойылған деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысы, Алға аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" ММ (М.К.Идрисов) жер есебі құжаттарына өзгертулер енгізілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімінің м. а Б. Кангужин

О признании утратившим силу постановление акимата Алгинского района от 19 сентября 2023 года № 238 "Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью "KMG Barlau" на земельный участок для проведения сейсмоисследовательских работ"

Постановление акимата Алгинского района Актюбинской области от 14 июня 2024 года № 125

      Руководствуясь пунктом 3 статьи 14-1 и подпунктом 2 пунктом 3 статьи 81 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года № 442-II, статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании письма товарищества с ограниченной ответственностью "KMG Barlau" акимат Алгинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Алгинского района от 19 сентября 2023 года № 238 Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью "KMG Barlau", земельным участкам общей площадью: 192 756 гектаров без изъятия земли у собственников и землепользователей с территории Алгинского района для проведения сейсмических исследований.

      2. Внести изменения в документы земельного учета ГУ "Алгинский районный отдел сельского хозяйства, земельных отношений и предпринимательства Актюбинской области" (Идрисов М. К.).

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Алгинского района.

      И. о. акима района Б. Кангужин