Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 56-бабының 12-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне, днсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі және мөлшерін айқындау туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9946), Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесіне сәйкес Алға ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген, басшы лауазымдарды атқаратын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне берілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – екі мың еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Осы шешiм 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |